Автокөлікпен қағып кеткен
2 Февраля 2017 (21:19) | 1803 |
Автор: Мира Ботабекова
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, К. Жаңаөзен қаласы, Көктем шағын ауданы, №46 үйінің жанындағы тас жолда жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші М-ны қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде жәбірленуші М-ның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келтiрген.
Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен (жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 теңге айыппұл жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему