Мұнайшылар жаңа піскен ыстық нан жейтін болды
11 Января 2017 (14:57) | 4109 | Автор: Мира Ботабекова
Жаңа жылдан бастап маңғыстаулық мұнайшылар кенорнында жаңа піскен ыстық нан мен тәтті тоқаштар жейтін болды. Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында су жаңа наубайхана ашылды. Бұл кәсіпорыннан шыққан нан өнімдері мұнайшылардың сұранысын толық қанағаттандырады.
Құрылысы 2 айда аяқталған нысанның жұмысы автоматтандырылған. Өндіріс орнында күніне 1200-ден астам нан пісіріледі. Сондай-ақ 20 келі кондитерлік печенье мен 600 дана өзге де тәттілер дайындалады. Бір айта кетерлігі, бұрынғы наубайхананың тозығы жетіп, жүргенінен тұрғаны көп болатын. Енді жаңа наубайхана таңдай күйдірер ыстық наны және тіл үйірер тәттілерімен 3 мыңға тарта мұнайшыны толық қамтамасыз етеді.
Фатима Мейірманова, наубайхана технологы:
- Барлық жабдықтарымыз ескі болатын, қазір заман табалына сай жабдықтар әкеліп қойып, қолымызды жеңілдетіп жатыр. Нан пісіретін цех, ұн сақтайтын жер бар. Дайын нан тағамдарын сақтайтын бөлме бар. 2800 мұнайшы тамақтанады, соның бәрін қамтамасыз етеміз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему