Іздеуде жүрген үш қылмыскер ұсталды
27 Декабря 2016 (15:02) | 2216 | Автор: Мира Ботабекова
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.Тұрғымбаевтың 02.11.2016 жылғы №1-8-3-34/4423-И талабына сәйкес, Маңғыстау облысы ІІД-нің 06.12.2016 жылғы №821 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айының 20-22 аралығында республикалық «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында іздеуде жүрген шетел және Қазақстанның үш азаматы мен ҚР көші-қон заңын бұзған 624 адам ұсталды.
Аталған іс-шараға Ішкі істер органының – 108 қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар – 9 бірлескен ұтқыр топтар құрылды.
Іс-шараның үш күнінде төмендегідей әкімшілік құқық бұзушылықтар аңықталып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің келесі баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
- Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517 бабы) – 624 шетелдік;
- Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 518 бабы) – 53 ҚР азаматы тартылды;
- Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519 бабы) – 15 тұлға тартылды;
- Қабылдау-тарату орынына – 82 азамат қамалды;
- Сот органдарының шешіміне сәйкес елден тыс жерге – 80 шетелдік шығарылды, оның ішінде азаматтық сот өндірісімен – 1;
- 603 шетелдіктің уақытша болу мерзімдері қысқартылды;
- сотқа дейін тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне сәйкес 10 шетелдік азаматына қылмыстық іс қозғалды(ҚР ҚК 393 бабы бойынша «Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау»);
- Іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды (Қазақстан Республикасы азаматы 18.10.1983ж.т., Диханбаев Н.А., ҚР ҚК 190 бабы 3 т., Әзірбайжан Республикасы азаматы Худу-заде Ариф Симран оглы, 22.11.1983ж.т., ӘР ҚК 178 бабы 3 т., 2 б., Қазақстан Республикасы азаматы 27.04.1995ж.т., Саякбаев Р.Н., ҚР ҚК 99 бабы 2 б., 6,7,9 т.,);
- Ішкі істер органдарында 624 адам есепке алынды, оның ішінде: дактилоскопияға және «Бейне++» есебіне енгізілді.
Маңғыстау облысы ІІД
Көші-қон полициясы басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему