Маңғыстаулық тәртіп сақшылары ерікті түрде қан тапсырды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшылары ерікті түрде қан тапсырды

14 Декабря 2016 (09:46) | 1604 | Автор: Нурганым Имашева

 

12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті медициналық бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық Қан орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, «Өзгеге өмір сыйла» атты акциясы өткізілді.

Бұл туралы жағымды жаңалықпен бөліскен ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері Нәубет Ардақхан:  

-Аталған акцияның мақсаты - ақ қан (лейкоз), лейкомия ауруларымен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету, тағы да басқа қан құюды талап ететін сырқаттардың салдарынан ересектердің өмірінде қиындық туындаған жағдайда науқастардың өмірін сақтап қалу болып табылады.

Қоғамдағы заңсыздықпен күресіп, азаматтардың құқығының сақталуы жолында қызмет етіп жүрген тәртіп сақшылары адам өмірін сақтап қалуға бағытталған осынау ізгі шараға жаппай қатысты, -деді..

-Бұл акцияға менің алғашқы қатысуым. Алдағы уақытта осындай шараға тағы да қатысып, біреудің өмір сүруіне көмектесіп, азаматтық борышымды өтеп, игілікті іске өз үлесімді қосқым келеді,- деді полиция қызметкері Мақсат Садақбаев

Бұл шараға Ішкі істер департаментінің жеке құрамының қызметкерлері қоғамға қай жағдайда да әр адамнын өмірін сақтап қалудың мүмкіндігі бар екенін көрсетіп, белсенді түрде қатысты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему