ҰБТ жаңа форматы
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 13:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҰБТ жаңа форматы

22 Ноября 2016 (17:14) | 11854 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін Үкіметте 2017 жылы өткізілетін ҰБТ жаңа форматы таныстырылды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның жаңа форматының ерекшеліктері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

 

Е.Сағадиевтің айтуынша, министрлік қорытынды аттестациялауды бөлу жұмыстарын жүргізген. Енді түлектер мектепті бітіру сынағын және ЖОО-ға қабылдау емтиханы ретінде ҰБТ тапсырады.

 

Мектептегі қорытынды аттестация 5 пәннен тұрады, оның 4-еуі – міндетті, 1 пән - таңдау бойынша. ҰБТ ЖОО-ға қабылдау емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады, бірақ оның форматы өзгереді. Бұрын 5 пәннен 125 сұрақ беріліп, оның ішінен 4 пән бойынша 100 сұрақ есептелетін. Ал 2017 жылғы ҰБТ форматында 120 сұрақ қарастырылып, барлығы есептеледі. Кейбір сұрақтардың жауабына 2 балл берілетіндіктен, ең жоғарғы көрсеткіш – 140 балға тең. Сауалдар 5 пәннен қойылады, олардың 3-еуі – міндетті, 2-еуі талапкер жоспарлаған ЖОО-дағы мамандыққа байланысты бейіндік пән болады.

 

Тестілеу уақыты да өзгермейді – 3 сағат 30 минут. Өту балы да өзгерген жоқ - 50 балл. 2017 жылы ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, сондай-ақ түлектерге оны 2017 жылдың тамызы мен 2018 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Berik, 23 Ноября 2016 (16:34)
0 0
osilai durys eken! balalarymyz soile alady endi jane de oz pikirin esse arkyly jazadi.
Ульяна, 23 Ноября 2016 (15:08)
0 0
ЕНТ по новому формату уже везде разъяснили, на каждом сайте есть исчерпывающая и подробная информация, не понимаю, зачем 10 раз говорят одно и то же? И так ясно, что новый формат разработан с учетом родительских просьб и пойдет на пользу детям
балжан, 23 Ноября 2016 (14:51)
0 0
еліміздің білім министрлері бұндай оқушыларға қатысты сұрақтарынын дұрыс шешімін табатыны бәрімізге мәлім және қандай шешім шықсада қолдаймын
нуржан, 23 Ноября 2016 (14:49)
0 0
ұбт шыққалы міне талай жылдын көлемі болды дегенмен осы жыл аралықтары бір абазада өткені дұрыс емес деп санаймын
нариман, 23 Ноября 2016 (14:48)
0 0
ент ның базасы өзгергенін қолдаймын жән осы туралы ендігі баолық сұрақтарынызға жауап таба аласыздар себебі есакінің аты не дегенмен ескі
динараa, 23 Ноября 2016 (12:37)
0 0
А мне нравится новый формат. Гораздо легче и удобней сдавать его, тем более что разделили на два этапа
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему