Мұнайлыда 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды
21 Ноября 2016 (11:55) | 3446 | Автор: Мира Ботабекова
Мұнайлы ауданында 13 жасар қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды. Анасы оның аяғының ауыр екендігін денсаулығына шағымданған қызын дәрігерге апарғанда бір-ақ білген. 7-ші сынып оқушысы да бойындағы бұл құбылыстан бейхабар болып шықты.
Жеткіншек өгей әкесінен жәбір көріп жүргенін анасына айтуға қорыққан. Әлгі адам «Бұл жағдай тісіңнен шықса анаң мен сіңліңді өлтіремін», деп қорқытқан көрінеді.
Қыздың анасы азғындыққа барған өзінің азаматтық некедегі жолдасының үстінен арыз түсірді. «Қазір өгей әке қамауға алынып, тергеу амалдары басталды»,-деп хабарлады сенімді дерек көзі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему