ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
20 Ноября 2016 (16:30) | 1914 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінен келіп түскен мына ақпаратты облыс тұрғындарының назарына ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы Шекара бақылау-өткізу бекеттерінде, тұлғаларды шетел елге мемлекеттік шекарадан өткізу кезінде келеңсіз жағдайлар туындамас үшін облыс тұрғындарына қайтадан ескертеміз.
ҚР-ның 12.01.2007 жылғы №223 «Сәйікестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері» туралы заңының 13-бабы, 3-тармағында сай, жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ (ЖСН/ИИН) ҚР азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі 2013 жылдың қаңтар айынан бастап жарамсыз болып есептеледі.
- Сондықтан, тұрғындарға 1996 жылдан бері қолданып жүрген, ЖСН жоқ ҚР азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігіңіз болса, Ақтау қаласы, 15 ықшам ауданында орналасқан Облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жаңартуды ұсынамыз.
Қажетті ақпаратты 47-45-39 байланыс телефондары арқылы біле аласыз,- делінген Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінен келіп түскен хабарламада. .
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему