Өз ісінің шебері
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өз ісінің шебері

14 Ноября 2016 (17:09) | 3166 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабековадан біздің басылымға мынадай мазмұндағы ақпарат келіп түсті. Шағын мақаланың мазмұны мен көлемін өзгертпестен оқырман қауымның назарына ұсынуды жөн деп таптық.

2016 жылдың 11 қарашасында зейнетке шыққан Маңғыстау облысы бойынша «Авариялық-құтқару және өртсөндіру қызметі» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз хатшысы болып жұмыс істейтін Сычева Рукья Дмитрийқызы өз ісінің шебері.

Қызығынан гөрі қиындығы басым өрттен қорғау қызметінде ержүрек өртсөндіруші-құтқарушылармен қатар, төтенше жағдайды суретке немесе бейнетаспаға түсіріп, оқиға болған орыннан жедел ақпарат беру қызметін 15 жылға жуық атқарып келе жатқан Рукья Дмитрийқызының ерен еңбегі мақтауға тұрарлық. Отқа оранып жатқан ғимаратты, апатты жағдайды суретке түсіріп, төтенше оқиғаның бел ортасында жүру нәзік жанды әйел затының табиғатына ауыр тиетінін ескерсек, мұндай жағдайда өзінің кім екенін ұмытып, «жүрек жұтқан батырлық» қасиет танытуға тура келетіні анық.

 - Сонымен қатар, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болып, өртсөндіру қызметінің тыныс-тірлігіне қатысты түрлі шараларды шеберлікпен ұйымдастыра отырып, ұжыммен де, мектеп оқушыларымен де алуан түрлі жиындарды, концерттік кештерді, байқауларды өткізіп, қашан көрсең де Рукья Дмитрийқызының қызмет бабымен дызығып жүргенін көресің. Табиғатынан жауапкершілік сезімі жоғары ол өзіне қатал қарайтыны соншалық, ойға алған жоспарындағы шараны ұйымдастырып, өткізгенше бір тыным таппайды.

2001 жылдың 4 мамырынан бастап, Маңғыстау облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің баспасөз орталығының жетекшісі, аға инженер лауазымында жұмыс істей бастаған Р.Сычева қызметі барысында өзін БАҚ-пен жұмыс жасау ісінде білікті маман ретінде таныта білді.

Рукья Дмитрийқызы өмірде де, қызметте де жауапкершілігі жоғары, өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді орындау барысында орындаушылық қабілетінің зор екенін танытып, достыққа берік, сенімді жолдас бола алатынын дәлелдей білді.

Балалар арасында өрттен сақтандыру тақырыбына сурет байқауын белсене өткізеді. Жас өртсөндірушілер-балалармен кез-келген мерекеге концерттер ұйымдастырып, жасөспірімдерге Маңғыстау облысының өртке қарсы қызметінің құрылуы мен қалыптасуы және даму кезеңдері туралы барлық ақпарат жинақталған өрт-техникалық орталығының мұражайына зкскурсия өткізіп отырады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында авариялық-құтқару және өртсөндіру қызметінің сенбіліктен бастап, спорттық шаралар мен өрт-тактикалық жаттығулары - барлық тыныс-тірлігі туралы мақалалары жиі жарияланады, - дейді Төтенше жағдайлар департаментінің Баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова.

 

 

ТЖ департаментінің Баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, «05.2001ж.-10.2002 ж. аралығында - аға инженер, Маңғыстау облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің баспасөз орталығының мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің жетекшісі болып қызмет еткен Рукья Дмитрийқызы, 10.2002ж. -.04.2004ж- аралығында аға инженер, Маңғыстау облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің баспасөз орталығы бөлімінің жетекшісі, 04.2004ж. - 02.2005ж. аралығында Маңғыстау облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің инженері лауазымында қызмет етті.

- Ұжымда абыройлы, әріптестері арасында беделді, жас мамандарға ақыл-кеңес айтып, білгенін үйретуден ешқашан жалыққан емес. Әрқашан ақжарқын күйде жүретін оны қызметтестері құрметтейді.

Қызмет бабымен араласып жүретін БАҚ өкілдері де Рукья Дмитрийқызын мәдениетті, бауырмал, қарапайым, өз ісін жетік білетін маман ретінде сыйлап, құрмет тұтады, - дейдіГүлнәр Ходжабекова өзімен ұзақ жылдар бойы қызметтес болып қызмет етіп келе жатқан әріптесі туралы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему