Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті
Курс валют в Актау
на 22/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Декабря, 16:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінде Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

20 Октября 2016 (17:45) | 4615 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі «2016 жылдың 19 қазанында Департаментте Құтқарушылар күніне орай салтанатты жиналыс өтті» деп хабарлайды.

 

         Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова:

 

     - Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н.Касымовтың Құтқарушы күніне арналған құттықтау телеграммасы оқылды.

 

      Салтанатты жиналыс аясында Департаменттің, бағынышты мекемелердің қызметкерлері марапатталды. Төтенше жағдайлар күнделікті болып жатады, оларды алдын ала білу қиын. Бірақ, құтқарушылар барлық уақытта көмекке келуге дайын адамдар. Мерекені енгізудің өзі осы мамандықтың қажеттілігінің маңыздылығын көрсетеді. Құтқарушылар күні – бұл басқа адамдардың өмірін құтқаруда өз өмірлерін қатерге тігетін ержүрек, күшті және қайсар адамдардың күні.

Олар қираған құрылыстарда, түтінде, суда, өрт кезінде, су басқан жерлерде жұмыс жасайды. Өз өмірлерін қауіпке тігіп, құтқарушылар басқа адамдардың тірі қалуына көмектеседі, барлық жағдайларда жедел әрекет етеді.

Отандық құтқарушылар  онмыңдаған адамға тірі қалуға көмектескен, саны жетпес іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізген. Олар өздерінің кәсіпкерлігімен атақты. Олардың осындай қиын және маңызды қызметтері үшін ризашылық танытқан жандар жан-жақтанқұтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтауда.

Батылдық, ержүректілік, қиындықтан қорықпау, әртүрлі жағдайларда төтенше жағдайларда шалт қимылдап, отпен, табиғи және техногенді апаттармен күресуге дайын болу, адамдардың өмірлерін құтқару – осының бәрі қашанда Қазақстан Республикасының ТЖ қызметкерлерінің ерекше қасиеттері болды. 

Бүгін күнделікті, сағат сайын жасалып жатқан бұл істің маңыздылығына және мәнділігіне баға беру қиын. «Біздің әрқайсымыз тұрғындардың өмірлерінің тыныштығын, өндірісте және тұрмыста қауіпсіздікті қамтамассыз ету, табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында қызмет етуге әрқашан дайынбыз» -дегенді кез-келген құтқарушы сөзбен де айтып, іспен де дәлелдеуге дайын.

 

Салтанатты кеште әсем әуезді әндер шырқалып, сала қызметкерлеріне арналған концерттік бағдарлама да ұсынылды.

 

- Осы мерекелік кеште барлық ТЖ қызметкерлеріне, олардың туысқандарына  және жақындарына зор денсаулық, жанұялық бақыт,  амандық, бұлтсыз ашық аспан, куатты күш-жігер, жастарға үлгілі бола жүріп, жан тәнінің қартаймауын, төтенше жағдайлар туралы дабылдың аз болуын,  біздің Отанымыздың қауіпсіздігін және және жетістіктерінің көп болуын, әр күндеріңіздің сәтті болуын тілеймін, - деді ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев.

 

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему