Маңғыстау облыстық сотында сот актілері негізінде сараптамалық зерттеу барысында туындайтын мәселелер талқыланды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 18:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында сот актілері негізінде сараптамалық зерттеу барысында туындайтын мәселелер талқыланды

18 Октября 2016 (14:19) | 2328 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотында «Маңғыстау облысы соттарының сот актілері негізінде сараптамалық зерттеу барысында туындайтын мәселелер» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізілді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

 

Іс-шараға облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Маңғыстау филиалының сот-медициналық сарапшысы, директоры Марат Жонысов және нарколог, психолог, сот-медициналық сарапшы мамандар қатысты.

 

«Дөңгелек үстел» барысында сот-психиатриялық, сот-наркологиялық, сот-медициналық сараптама жүргізу мәселелері назарға алынып, сот актілерін орындау, сот сараптамасын тағайындау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

 

М.Жонысов сот тәжірибесінде белгілі бір іс бойынша сот сараптамасын тағайындау мәселесі істі мәні бойынша қарау үшін дайындық барысында немесе істі алғашқы қарау барысында шешілу қажеттігін атап өтті.

 

Алайда, сот сараптамаларын істің қарау мерзімінің аяқталу кезінде тағайындалуы, осының нәтижесінде істің жалпы қарау мерзімі ұзаратындығы, сот ұйғарым шығарған кезде толық мекен жайдың көрсетілмеуі туралы түсіндіріп өтті.

 

Судья С.Өмірболатова сот медицинасы институты өкілдерінің назарын олардың дайындайтын сараптама қорытындыларына орындалған жұмыстардың құнын қосу – қылмыстық істі жүргізіп отырған сот, іс жүргізу шығындары ретінде, осы соманы кінәлі жаққа төлету қажеттілігіне аударған.

 

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің» 55-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша қорғаушы ретінде қатысқан заңгердің дәлелді өтінішінен прокуратура органы негізсіз бас тартса немесе үш күннің ішінде шешім қабылдамаса, мұндай өтініш бойынша тергеу судьясы сараптама жүргізуді қарастырады.

 

«Дөңгелек үстел» қатысушылары өзара пікір алмасып, аталмыш тақырыпты жан-жақты талқылап, алдағы уақытта тығыз қарым-қатынас орнату мәселелерін ортаға салды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему