Маңғыстаулық жеке сот орындаушылар өткен 8 ай ішінде 118 млн 419 мың теңге қаржыны өндірді
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 09:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жеке сот орындаушылар өткен 8 ай ішінде 118 млн 419 мың теңге қаржыны өндірді

4 Октября 2016 (17:51) | 5758 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Ұлт жоспары нақты 100 қадам» бағдарламасын орындау басталды. Әділет Министрлігі Ұлт Жоспарының 27-ші қадамын орындау мақсатында мемлекеттік сот орындаушыларды қысқартып жатыр. Кезең-кезеңмен бұл қызмет жойылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында Маңғыстау облыстық Әділет департаменті басшылығының қатысуымен жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісінде айтылды.

 

Аталмыш жиынға облыстық әділет департаментінің басшысы Бақтыгүл Сапарқызы Атағазиева және орынбасарлары Дариға Саломатқызы Кесікбаева мен Бекболат Жұматайұлы Колумбаев қатысып, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.

 

Баспасөз мәжілісінде атқарушылық құжаттардың басым бөлігі тек жеке сот орындаушыларының құзырына берілетіні туралы сөз қозғалды. Атап айтқанда, олар алимент, еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақыны өндіру, адам өмірі мен денсаулығына келтірілген залалды өтеу бойынша қызметтерді орындайды. Жеке сот орындаушылардың қызметінің құны борышкердің тарапынан өтелмек. Ал, мемлекеттік сот орындаушылары мемлекетке тиесілі жерді, телімдерді заңсыз иемденушілерден қайтару, заңсыз құрылысты бұзу және 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын қаражат сомасын өндірумен айналысады.

 

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 33 жеке сот орындаушысы бар. Алдағы 3 жыл ішінде мемлекеттік сот орындаушылары 75%-ға азаймақ. Айта кету керек, 2016 жылдың 8 айында өңірдің мемлекеттік сот орындаушылары бір жүз он сегіз миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге өндірген.

 

- Жеке сот орындаушыларына түсетін жүктеме артуда, бұл ретте әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, атқарушылық әрекеттерді барынша автоматтандыру шаралары жүргізілді. Осы шаралардың барлығы сот актілерінің жедел, уақтылы орындалуына оң нәтижесін береді. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету - бұл азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.

         Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі тек электронды түрде көрсетіледі.

            Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсарту мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында ағымдағы жылы бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

            Олардың қатарына кәсіпкерлікті қорғау мен құқықтық көмек көрсетуге бағытталған Кәсіпкерлік кодексі, заң жобалау қызметі тетіктерін жетілдіруге бағытталған ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңын айта кету қажет, - деп атап өттіМаңғыстау облыстық әділет департаментінің басшысы Бақтыгүл Атағазиева -

Басшының мәлімдеуінше, «ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қолданысқа енгізілді.

            Қоғамдық кеңестердің басты міндеті - азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, мемлекеттік органдармен шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру, өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара байланысын дамыту, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.         

            Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың тиімділігін арттыру, заңнаманы жетілдіру және құқық қолдану тәжірибесінде туындаған жеке мәселелерді шешуге бағытталған ҚР «ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы дайындалуда».

            - Барлық мүдделі тұлғаларды заң жобасының ережелерін талқылауға әлеуметтік желілерде белсенді қатысуға шақырамыз, - деді Бақтыгүл Сапарқызы.

 

Мәжілісте Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2016 жылдың 8 айында атқарған қызметі туралы ақпарат ұсынылды. Тарқатып айтар болсақ, Әділет департаментімен өткен 8 айда 45351 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу саласы бойынша 1686, азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша 277, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша 43 388 қызмет көрсетілген.

 

Электронды форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 9894. Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен 2016 жылдың 8 айында ҚР ӘҚБтК-нің 460-бабына сәйкес 1085 жеке және заңды тұлғала және Кодекстің 466-бабына сәйкес 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына барлығы 14 390 985 теңге көлемінде айыппұл өндіріліпті.

 

«Аталған кезең аралығында алимент төлемдерін өндіру атқару құжаттарын қоспағанда, мемлекеттік сот орындаушылар өндірісінде 12 378 572 194 теңгені құрайтын 8004 атқару құжаты болған, оның 7 986 115 502 теңгені құрайтын 5334 құжат өндіріспен аяқталып, 277 014 390 теңгені құрайтын 2650 құжат нақты орындалды.

 

Алимент төлемдерін өндіру бойынша 7782 құжат болса, оның 952 борышкерлердің жұмыс орнынан ұсталып, өндірілуде. 2566 құжат бойынша алименттік төлемдер борышкерлерден ерікті түрде өндірілуде. Облыстың мемлекеттік сот орындаушыларымен 2016 жылдың 8 айында мемлекет пайдасына – 118 419 098 теңге өндірілген, оның ішінде:

а) 10 пайыздық атқарушылық санкция – 26 046 103 теңге;

б) әкімшілік және қылмыстық істер бойынша айыппұлдар –35 058 661 теңге;      

в) мемлекеттік баж алымы – 8 433 779 теңге;

г) басқа да атқару құжаттары бойынша – 48 878 555 теңге.

 

2016 жылдың 8 айында департаментпен құқық қорғау органдарына 224 борышкерді әкімшілік, 153 борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар жолданды. 2971 борышкерге ҚР аумағынан уақытша шығуға шектеу қойылды. 2016 жылдың басынан жеке сот орындаушыларда өндіріп алушылардың өтініштері негізінде 18 млрд. теңгені құрайтын 17 064 құжаты болып, оның ішінде 13 млрд. теңгені құрайтын 8 714 құжат өндіріспен аяқталған. Қалдықта 22 272 құжат бар. Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті және жергілікті атқарушы органдарға 2 млрд. 69 млн. теңгенің көлеміндегі 8000-ға жуық мүлік тапсырылды (оның ішінде 11 пәтер, 16 автокөлік, 1 гараж),- деп мәлімдеді облыстық әділет Департаментінің басшы құрамы.

 

            - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) атқарушылық іс жүргізу тараптарының (борышкер, өндіріп алушы) кабинетін пайдалануға енгізілді. АІЖО ААЖ пайдалану және тіркелу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық Министрліктің интернет-ресурсында www.adilet.gov.kz орналастырылған, оның «Сот орынджаушылары» бөлімінде тиісті қосымша бет бар.        Қосымша ақпаратты Астана қаласының 8 (7172) 74-04-92, 74-06-33 және Ақтау қаласы бойынша 8 (7292) 30-20-93 нөмірлері бойынша кеңесшілерден алуға болады, - деп мәлімдедіМаңғыстау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Дариға Кесікбаева.

            Нормашығармашылық қызмет бойынша ақпаратпен бөліскен Әділет департаменті басшысының орынбасары Бекболат Колумбаев:

            - 2016 жылдың 8 айында жергілікті өкілді және атқарушы органдардан мемлекеттік тіркеуге 332 нормативтік құқықтық актілер келіп түсті, оның ішінде 228 акті тіркеліп, 56-на тіркеуден бас тартылды. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының 80 нормативтік құқықтық актісіне заң бұзушылықтарды жою жөнінде 17 ұсыныс енгізіліп, 45 ақпараттық хаттар жолданды.

         Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» халықаралық рейтингтерінде позицияларын жақсарту мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында 2016 жылдың басынан жаңа заңнамалық актілер қабылданды,- деді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Адилбек, 6 Октября 2016 (15:34)
0 0
″2016 жылдың 8 айында өңірдің мемлекеттік сот орындаушылары бір жүз он сегіз миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге өндірген″

Бұл мақала жеке сот орындаушылары туралы емеспе? Онда неліктен сегіз ай ішінде мемлекеттік сот орындаушылар қыруар қаржы өндірген деп жазылған Нұрғаным ханым?
Кеше мен қате тапсаңыз ″оны бөліп және Ctrl+Enter″ басыңыз дегенге сеніп сол әдісті орындаған болатынмын, ал бірақ редакция қызметкерлері ондайды уақытылы қарамайтын сияқты.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему