Шетпелік жастар - жеңіс тұғырында!
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 14:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шетпелік жастар - жеңіс тұғырында!

8 Августа 2016 (20:15) | 3643 | Автор: Нурганым Имашева



Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мұнайлы ауданының №5 орта мектебінде волейболдан облыстық мектеп лигасы өтті. 



«25 жылдыққа-25 игі іс» іс-шаралары аясында ұйымдастырылған спорттық додаға Ақтау мен Жаңаөзен қалаларынан, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарынан барлығы алты команда қатысып, бақтарын сынады. Жарыс облыстық білім басқармасы мен аймақтық дене тәрбиесі орталығының бастамасымен өтті. 



Маңғыстау ауданы командасының жаттықтырушысы Əділбек Кенжеғалиұлы:

[quote] Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының кепілі. Дені сау ұлт-бәсекеге де қабілетті. Сондықтан да мектеп оқушыларын мейлінше бұқарлық спортқа тартып, денсаулығын нығайту бағытында өткізіліп жатқан жарысқа біз тыңғылықты дайындықпен келдік.

Жарысқа барлығы алты команда қатысуда. Біздің ауданның командасын менімен бірге Дауыл Рахманов деген азамат да дайындады. Бұл жарысқа біз жаз маусымы басталғалы күніне екі рет дайындалдық.

Бұған дейінгі облыстық жарыстарда біз екінші, үшінші орындарды иеленген болатынбыз. Бұл жолы намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрініп, ауданымыздың абыройын арттырамыз деген сенімдемін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін[/quote] 



Командалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлiктi талап ететін жарыста командалар жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салды. Тартысты өткен жарыс қорытындысында шебер ойын үлгісін көрсеткен, жанкүйерлердің қошеметіне ие болған Маңғыстау ауданы Шетпе кентінің командасы бірінші орынды жеңіп алып, жарыс жеңімпазы атанды. 



Команда құрамында болашағынан үлкен үміт күттіретін жеткіншектер Саламат Жайлаубаев, Ербол Жұмаханов, Нұрсұлтан Аманжолов, Алмаз Жайлаубай, Мейірбек Алпанов, Нұрлыбек Исатаев, Эльдар Маратов, Шыңғыс Алдоңғаров, Құрмет Мейірбанов, Марғұлан Хамзин, Таңат Мейірман, Төремұрат Сəрсенов бар. Енді аталмыш команда күзде Алматы қаласында өтетін республикалық жарысқа қатысып, аймақ намысын қорғайтын болады. 

Команда капитаны Мейірбек Алпано:

[quote] Бірінші орынды иеленгенімізге өте қуаныштымыз. Бізді жарысқа дайындаған жаттықтырушыларымызға ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз. Бүгінгі жарыста алдымен ақтаулық командамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жеттік. Мұнан кейін мұнайлылық қос команданы да 2:0 есебімен ұтып, жеңіс тұғырынан көріндік. 

Енді бізді Алматыда өтетін үлкен жарыс күтіп тұр. Тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде жеңіске жетіп, облыс намысын абыроймен қорғаймыз деп ойлаймын [/quote]



Сондай-ақ, Мұнайлы ауданының қос командасы екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздары Кубокты иеленіп, мақтау қағаздары және арнайы медальдармен марапатталды. 

 

Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Баур, 13 Августа 2016 (00:00)
0 0
Керемет!!!
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему