Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері ″Қауіпсіз балалық шақ″ акциясын өткізді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлері ″Қауіпсіз балалық шақ″ акциясын өткізді

4 Июля 2016 (20:15) | 4627 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда қалалық "Достар" жағажайында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мектеп жанындағы лагерлердің  балалары үшін мерекелік іс-шара өткізді. Балаларға арналып әр түрлі байқаулар ұйымдастырылды.

 

"Қауіпсіз балалық шақ" атты жарыс түріндегі бағдарлама өрт қауіпсіздік ережелері және судағы жүріс-тұрыс қағидалары шеңберінде жүргізілді. Жарысқа балалар лагерьлерінен "Жас қыран", "Дабылды күш", "Балауса", "Жалын", "Ботақан" және "Балдәурен" атты 6 команда қатысты.

 

Мерекелік бағдарлама: жалпы сапқа тұрғызу, баянат тапсыру, жеребе тарту рәсімі, команданы таныстыру (ұран, топтың сипаты, ән), плакаттар сайысы, станциялар бойынша старт (маршруттық парақтар), жалпы сап құру. қорытындыны жариялаужәне марапаттау бөлімдерінен тұрды.

 

-  Біздің жеткізгіміз келетін білімімізді, балалар ойын түрінде жетік меңгере алады. Оқушылар өз білімдерін, өрт қауіпсіздігі ережесін, судағы қауіпсіздік ережелері және өздерінің жеке қабілеттерін өте жақсы көрсетті, – деді Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмаз Искаков.

 

«Жарыстар қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды мектеп жанындағы "Балдәурен"балалар лагері жеңіп алды. Екінші орынды "Ақ желкен" және үшінші орынды "Ақ маржан" балалар лагері иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

Жарыстардың қорытындысы бойынша барлық командаларға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді»,- деп хабарлады балаларға арналған мерекені ұйымдастырушылардың бірі Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Аскарұлы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему