Құтқарушылар Ақтау қаласының мектеп түлектерімен жүздесті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушылар Ақтау қаласының мектеп түлектерімен жүздесті

3 Апреля 2016 (16:22) | 3724 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының 4-курс курсанттары Данияр Елшібаев пен Нұрсұлтан-Қожа Мырзағалиев Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында тағылымдамадан өту барысында жуырда облыс орталығының № 14, №16 орта мектептерінде 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.

 

Жас курсанттардың мектеп түлектерімен жүздесуінің себебі – өздері білім алып жатқан, ТЖ саласының өрттен құтқарушы білікті мамандарын дайындайтын еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының бірі - Көкшетау техникалық институты туралы әңгімелеу, мектеп түлектері арасында кәсіптік бағдар беру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болатын.

 

Тағылымгер курсанттармен қатар шараға Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Джаумиткалиев Назар Теңелханұлы да келді.

 

Аталмыш кездесуге жоғарғы сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Шара барысында мектеп түлектері тарапынан құтқарушы мамандығына көптеген қызығушылық таныту байқалды. Оқушылар курсанттарға оқуға түсу үшін тапсырылатын емтихандар, өтілетін сынақтар, жинақталуы тиіс құжаттар және оқу орнындағы курсанттарға қойылатын талаптар төңірегінде өздерін қызықтырған жайттар туралы біршама сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

 

 Сабақ барысында оқушыларға курсанттар «Көкшетау техникалық институтына» түсу шарттары жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға өрт қауіпсіздігінің талаптары, Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидалары» және басқа да техникалық регламенттер егжей-тегжейлі таныстырылып, түсіндірілді.

 

Болашақта құтқарушы мамандығын таңдаған мектеп түлектеріне келесідей шарттар қойылатыны белгілі болды.

 

 

ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ:

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу( ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификаттарының баллдарына сәйкес жүргізіледі.

 

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде - қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

Екінші кезеңде - медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі.

Үшінші кезеңде - талапкерлер бекітілген Нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады.

 

Оқуға түсу шарттарымен толығырақ таныстыруға Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары құлшыныс танытуда. 

 

Сондықтан, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының курсанты атануға ниет танытқан мектеп түлектері мына байланыс телефонына: 8(7292) 60-59-76 хабарласу арқылы кез-келген сауалдарына Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарынан толық жауап алуына мүмкіндігі мол.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему