Балғындар өрт сөндіруші – құтқарушылардың қызметімен танысты
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 22:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғындар өрт сөндіруші – құтқарушылардың қызметімен танысты

23 Февраля 2016 (10:00) | 3296 | Автор: Нурганым Имашева

 

Таяуда өртке қарсы қызмет мұражайына, Ақтау қаласының 1-мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жасаған экскурсия №54 "Айналайын" балабақша мекемесінің мектепке дейінгі дайындық тобының балалары үшін нағыз танымдық сабақ болды. Экскурсия Азаматтық қорғау күнінің қарсаңында "Мəңгілік ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының аясында өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын дəріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға «ҚР ІІМ Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ (Ақтау қаласы) Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Балалар бірінші рет мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне келіп, бөлімді қызығушылықпен тамашалады. Мұражай бойынша саяхатты Өрт сөндірушілерді кəсіби даярлау мектебінің аға оқытушысы азаматтық қорғау подполковнигі Нұрбергенова Жанна жүргізді.

 

Ол балаларға құтқарушылар есіктерді ашуда пайдаланатын гидравликалық авариядан құтқару аспабын, өрт сөндірушілер түтін арасында тыныс алатын тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын таныстырды.

 

Балалар үшін тағы бір қуанышты сəт - бұл олардың өрт сөндірушілердің каскасын киіп көрген сəттері болды.

 

 

Өрт автокөліктері тұратын тұраққа бару балғындардың көңілін көтеріп, қуантты. Алқызыл түске боялған, үлкен, төбесінде көк түсті дабыл маягы бар өрт автокөліктері балалардың қызығушылығын əбден оятып, олар «Көлік төбесіндегі саты не үшін қажет?», «Мынау не?», «Жең деген не?» деген сынды сұрақтарды жан-жақтан жаудырды.

 

Енді автокөлікке мініп көрсек қой деген балалардың тілегі де қабыл болып, оларға касканы киіп отыруға рұқсат берілді.

 

- Мəссаған, қандай керемет!- деген балалардың таңданыстары мен қуаныштары өткізілген экскурсияға берілген баға болды.

 

Балаларға арналып өрт қауіпсіздігі тақырыбында сұрақтар мен жұмбақтар əзірленді. Жастарына қарамастан балалар қойылған сұрақтар мен жұмбақтардың шешімін өте жақсы шешті. Енді бұл мектепке дейінгі жастағы балаларды жас өрт сөндірушілер деп атауға болады.

 

Кездесу соңында өрт сөндірушілер мен балалар естелікке суретке түсті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему