Ақтауда мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасының ашылу салтанаты өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 06:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

5 Января 2016 (09:37) | 3947 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жаңа жылдық мерекені тойлау аяқтала салысымен 4-қаңтар күні Ақтауда жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасы ашылды. Салтанатты шара облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатында өтті.

 

Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы:

Бүгін міне, өңірімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасы ашылып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан аймақтың барлық аудан-қалаларынан сайысқа қатысатын оқушылар түгелдей облыс орталығына аман-есен жеткізілді. Бүгінде дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп жатырғанымыз белгілі.

Олимпиадаға облыстың аудан, қалаларынан 593 оқушы қатысатын болады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сайыстар – облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатында, ал гуманитарлық бағыттағы білім додасы түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында өтеді.

Облыстық олимпиада 4 – 7 қаңтар аралығында І және ІІ тур түрінде ұйымдастырылып отыр. Бұл білім додасына қатысатын балалардың көпшілігі жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша білімдерін сынға салмақшы. Бұл өте қуанышты жағдай деп ойлаймын, себебі, қазір техникалық бағытта білім беруге көбірек мән беріліп, техникалық мамандықтарға деген сұраныс жоғары деңгейде болып отыр. Болашақта біздің балаларымыз осы техникалық бағытта Қазақстанымызды көркейтеді деген сеніміміз мол.

Балалардың көңіл-күйі өте жақсы. Оларға бар жағдайлар жасалған. Ертең 5 қаңтардан бастап олимпиада басталады. Облыстық білім сайысының нәтижесінде І,ІІ орын алған оқушылар көктемде өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алады. Ол наурыз айында өтеді. Оған дейін іріктеу туры өтетін болады.

Облыстық олимпиаданы өткізіп қана қоймай, алдағы уақытта да балаларымыздың білімін ұштап, қабілеттерін, шығармашылықтарын шыңдай беретін боламыз. Жалпы, жылдан-жылға біздің облысымыздың республикалық сайыстардағы көрсеткіштері, оқушыларымыздың жетістіктері жақсара түсуде,-деп мәлімдеді.

 

 

Аймақтық білім додасының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде облыстық білім басқармасының басшысы олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

 

Сонымен қатар шараға қатысқан сайыскерлер алдында былтырғы жылғы республикалық олимпиададан қазақ тілі пәні бойынша үздік атанған, қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің І курс студенті Бақытқалиева Анжелика және 2014-2015 оқу жылында информатика пәнінен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанған, қазір Назарбаев университетінің студенті Бекболатұлы Бекжан биылғы сайыскерлерге құттықтауларын арнады.

 

Салтанатты жиын облыстық филармония өнерпаздарының концертіне ұласты. Шарада 2014-2015 оқу жылында мектеп оқушыларын Халықаралық, республикалық, облыстық білім додаларына дайындауда жоғары нәтижелерге жеткен мектеп ұжымдары марапатталды. Олардың қатарында І дәрежелі дипломға облыстық мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернатының ұжымы ие болса, ІІ дәрежелі дипломмен Ақшұқыр кентінің мектеп-гимназиясы марапатталып, ІІІ дәрежелі дипломды Ақтау қаласындағы №4 мектеп-гимназиясы иеленді.

 

Облыстық олимпиададағы түрлі пәндер бойынша оқушылардың жетістіктері туралы жаңалықтармен алдағы күндері таныс боласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему