Қоғамдық кеңес тұрғындар шағымын тыңдады
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 14:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қоғамдық кеңес тұрғындар шағымын тыңдады

4 Ноября 2015 (10:14) | 1463 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының білім басқармасы жанынан құрылған қоғамдық кеңес өз жұмысын бастады. Бүгінде баласы бар барлық отбасының басты мәселесі болғандықтан, негізгі тақырыпқа – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысындағы мәселелер таңдалған.

 

Басқарма жергілікті телеарна арқылы алдын-ала хабарлап, Ақтау, Жаңаөзен және Мұнайлы ауданының тұрғындарын қоғамдық тыңдауға шақырыпты. Жиылған жұрттың сұрағы да, шағымы да біреу: «Балабақшаның кезегі қашан жылжиды?».

 

-Балабақша жөнінде білейін деп келдім. Балам қазір 3 жасқа толды, 3 айлығында кезекке тұрдым. Соңғы рет қалалық білім бөліміне барып білгенімде 11-ші орыннан 7-ге түскенін айтты. Бірақ одан кейін біраз уақыт өтсе де, жауап жоқ, - дейді ақтаулық Гүлдана Назарова.

 

Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі маманының айтуынша, «Тұрғындар шағымдары мен ұсыныс-пікірін мұқият тыңдаған қоғамдық кеңес өкілдері, жоғарыдағы төте сауалдарға төтесінен, түсінікті етіп жауап берді.

 

 

Мамандар мәселенің мән-жайын облыста туу көрсеткішінің жоғарылығы мен көшіп келу процесінің артқандығымен байланыстырады. Алайда, осы күндері бұл мәселе бір жүйеге қойылып, білім бөліміндегі тізім тазартылып жатырған көрінеді.

 

«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, қоғамдық кеңестің төрағасы, ардагер-ұстаз О. Қосай, Білім басқармасының басшысы З. Тастеміровалар тұрғындарды тыңдай келе, қалалық-аудандық білім бөлімдерінің басшыларына балабақша жұмысын ұйымдастыруда тиімді ұсыныстар тастады.

 

Ең алдымен, мектепке дейінгі ұйымдар мен балабақшаларға қабылдаудағы қызметтің ашықтығы сақталуы тиіс. Мекеме немесе мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда сол мекеме қызметкерлерінің балалары бірінші болып қамтылып, бала 6 жастан мектеп табалдырығын аттайтындықтан, ата-ананың бүгінгі таңдағы әлеуметтік жағдайына орай 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді қабылдау жобасы қаралсын. Ескі балабақша ғимараттарын мемлекетте қайтарып алғанның өзінде, оның жөндеу және жабдықтау жұмысына жаңа балабақшаның құрылысына жұмсалатын қаржы кететіндіктен, жер телімін бөлу назардан тыс қалмауы тиіс.

 

Әр балабақшадан ай сайын балалар қозғалысы туралы ақпарлама алынып, балалардың орналасуы жариялануы керек. Соның ішінде, әлеуметтік қолдауға жататын балалар тізімде айырықша көрсетілсін. Сонымен қатар, Мұнайлы ауданынан денсаулығында кінәрат бар балаларға балабақша ашу жоспарланып, тәрбиешілердің біліктілігі де басты назарда болатын болды.

 

Бір күндік қоғамдық тыңдаудың шешімі осыған саяды. Ал, кеңестің жұмысы мұнымен тоқтамақ емес, басқа аудандардың тұрғындарын тыңдау алдағы уақытта өтетін болады».

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему