Маңғыстау облыстық туризм басқармасы өлке тарихын насихаттаушыларды марапаттады
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 06:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық туризм басқармасы өлке тарихын насихаттаушыларды марапаттады

28 Октября 2015 (14:04) | 2495 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда облыстық әкімшілікте аймақтың туризм басқармасы киелі өлкенің тылсым сырға толы тұнық тарихы мен мәдениетін таратуға, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын әлемдік қауымдастықта насихаттауға және туризм арқылы халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ маңғыстаулық азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.

           

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Маңғыстауқызы Байжауынова салтанатты жиынға қатысушыларға өлкенің туризм саласының дамуы жолында қосып жүрген үлестері үшін ризашылығын білдірді.

           

Шараға Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Рашад Эйнаддиноглы Маммадов, қырғыз және корей этномәдени орталықтарының төрағалары, жергілікті тарихшы-өлкетанушылар, БАҚ өкілдері және өңір тарихын қалың бұқараға таратуға атсалысып жүрген жергілікті кәсіпкерлер мен аймақтың өткені мен бүгінгі тынысын халық арасында насихаттау жолында өзіндік көмегін аямай, қолдау көрсетіп жүрген кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

           

Жиында жақын арада Маңғыстау облысы әкімшілігінің, облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен, түркі мәдениетінің тұғыры-халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен «Тарихи оқиғалар мен аңыздардың Маңғыстаудың туристік нысандарының топонимикасына тигізген әсері» тақырыбында өткізілген ғылыми-практикалық конференциясының табысты өткені туралы сөз қозғалды.

 

           

Аталмыш шараға белсенді қатысушыларға облыстық туризм басқармасының және «Наталья Задерецкаяның жазушы цехының» арнайы сертификаттары табысталды.

           

Алғашқылардың бірі болып Алғыс хатпен марапатталған Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Рашад Эйнаддиноглы Маммадов, өлке тарихы мен мәдениетін халықаралық дәрежеде насихаттау бағытында ұйымдастырылған ғылыми-практикалық конференцияның маңызына кеңінен тоқталып өтті және өңірге атбасын тіреген кез-келген туристтің ғасырлар бойы тарих қойнауының алтын сандығында сақталған тарихи жәдігерлерді өз көзімен көріп, тамашалағысы келетінін тілге тиек етті. Тарихы бай киелі өлкенің өткені мен қарыштап дамыған бүгінгі тынысын көруге асық шетелдік туристтер үшін Маңғыстауда табиғаты әсем, көрікті жерлер көп екенін атап өтті.

           

Аймақ басшысының орынбасары Р.Әміржановтың қолы қойылған Алғыс хатты шараға қатысушыларға облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова табыс етті.

 

 

Марапатталғандар арасында аймақтың дамуына өзіндік мол үлесін қосумен танылып жүрген белгілі кәсіпкер Ұлболсын Жүзбайқызы Ахметова, «Узеньпромгеофизика» ЖШС-нің басшысы Жанбырбай Төлесінов, қырғыз және корей этномәдени орталықтарының төрағалары, жергілікті БАҚ өкілдері: Ғ.Кеңесбаева, Е.Нарембаева, Н.Имашева және өңір тарихын насихаттауға үлес қосып жүрген тарихшы өлкетанушылар Мұрат Ақмырзаев пен Оралбаева Райхан, ҚР Журналистер одағының мүшесі Наталья Задерецкая бар.

 

Келелі жиын барысында оған қатысушылар киелі өлкенің бай тарихи мұрасын қалың бұқараға таратып, халықаралық дәрежеде қазыналы аймақ-Маңғыстаудың абыройын асқақтатып, өңірде туризмді дамытудың маңызы жайлы өз пікірлерін білдірді, толғандырған ойларын ортаға салды, жабыққанға-демеуші, тарыққанға-қолдаушы болған Пір Бекет Атаның ғажайып қасиеттері туралы тағылымды әңгіме өрбітті.

 

Ерекше жылылық атмосферада өткен басқосу естелік суретке түсумен аяқталды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему