Ақтау қаласының өрт сөндірушілері арасында шахматтан турнир өтті
29 Сентября 2015 (11:48) | 1544 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жетекшісі Рукья Сычеваның хабарлауынша, жуырда «Катказ» ЖШС оқу орталығында Құтқарушылар күні мерекесінің 20 жылдығына орай Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» өрт сөндіру бөлімшелерінің және ТЖ органдары ардагерлерінің арасында шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
Бас төреші-спорт шеберінің кандидаты, жаттықтырушы, шахмат ойындарының оқытушысы Саркисов Александр Сергеевич.
Турнирге 4 топ қатысты. Жарысқа қатысушылар арасындағы тартысты күрес нәтижесінде жүлдегерлер атанғандар:
Жеке біріншілікте «Ең күшті шахматшы» атағын өртке қарсы қызметінің ардагері Маннапов Қойшы иеленді, екінші орынға өртке қарсы қызметінің ардагері Курдоглян Айрапет көтерілсе, ал үшінші орын Ломаченко Николай Кирилловичке бұйырды.
Шахмат ойындары бойынша турнир салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Жүлдергерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему