Ақтаулық өртке қарсы қызметінің мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық өртке қарсы қызметінің мамандары тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді

19 Августа 2015 (11:10) | 1410 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен және пәтерлер иелерінің тұтынушы кооперативінің төрағасымен бірге 2015 жылдың 15 тамызында Ақтау қаласы 4 шағын ауданда орналасқан № 4-5-7-ші үйлерде «Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырабында тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, барлық пәтерлерге жадынамалар таратылды»,-деп хабарлайды аталмыш басқарманың баспасөз қызметі.

 

Басқарма мамандары қаланың шағын аудандарында тұрғын үйлерге рейд жүргізді. Тұрғындар арасында тұрмыста қолданылатын электрқыздырғыш құралдарынан және пештерді, тұрмыста жиі қолданылатын газ пештерін пайдалану барысында өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау жөніндегі ақпараттар, жадынамалар, буклеттер таратты.

 

Инженерлік-инспекторлық құрам қала тұрғындарымен әңгімелесу жүргізді. Төтеншеліктер Ақтау қаласының 3-ші, 4-ші және 7 шағын аудандарының тұрғын үйлерінің 500-ден астам тұрғындарына өрт қауіпінен сақтандыру нұсқаулықтарын өткізді.

 

Одан өзге «Тұрғын үй-2015» операциясы щенберінде тұрғын-үй шаруашылығының жылу энергиясымен қамтушы мамандар және жетекшілері аумақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ПИТК өкілдерімен бірге өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс жағдайын қамтамасыз ету және тұрғын үйлердегі өрт мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

 

Мамандардың айтуынша, «Өрт саны азайғанмен олардың себептері бұрынғыдай, өйткені әлі баяғыша - электрқұралдарын пайдаланудың монтаждық және техникалық ережелерін бұзу, өрт қауіпсіздігін сақтамау байқалуда».

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері өртке қарсы қызметінің лейтенанты Абдираш Нұрсұлтанның мәлімдеуінше, «2015 жылдың ағымдағы кезеңінде Ақтау қаласының аумағы бойынша 46 өрт орын алған, соның 9-ы тұрғын жай секторынан тіркелген. Соңғы өрт 2015 жылдың 2 тамызында тұрғын үй секторында Ақтау қаласы 26 ш/а 31 үйінің №134 бес бөлмелі пәтерінде жатын бөлмеде орын алған.

 

Тұрғын үйлердегі өрттің пайда болуының негізгі себептері: электрсымдардың қысқа тұйықталуы (электрэнергиясын ұзақ қолдану барысында алюминий және мыс сымдардың оралып қалуы), балалардың шалалығы, төсекте жатып темекі тарту т.б.

 

Кейбір жұмыстар ПИТК жұмысшыларына және тұрғын үйлерге қызмет көрсететін  мекемелерге, басқа да мекелерге жүктеледі. Оларға тұрғын үйлердің жертөлелері, баспалдақтарды және тез жанғыш материалдар сақталатын орындарды, баспалдақтардың астындағы жанармай коятын жерлерді мұқият тексеру, құтқару жолдарын, тұрғын үйлерден шығатын қосымша құтқару жолдарына көніл бөлу тапсырылды».

 

-Өкінішке орай, тұрғындар өз үйлерінің балкондарын, лоджияларын ескі жиһаздармен, құрылыс материалдарымен және үйлердің кіреберістерін отындармен толтырып қояды,- деп атап өтті Н. Абдираш.

 

Аға инженердің айтуынша, «Жоғарғы этаждан лақтырылған сөндерілмеген темекі төменгі қабаттың лоджиясына түсіп өрт орын алуы мүмкін».

 

-Сондықтан біз дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау мақсатында өртке қарсы жағдайларға жауапты тұлғаларға және дәнекерлеушілерге қосымша нұсқаулық өткізуге мәжбүр болдық,-дейді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженеріНұрсұлтан Абдираш.

 

Маман сонымен қатар, бекітілген телімдердегі тұрғын үйлерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы қызмет органдары жасаған актілер бойынша шаралардың орындалу барысын жандандыру қажет деп атап өтті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему