Өз кәсібіңді баста!
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 23:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өз кәсібіңді баста!

7 Августа 2015 (15:14) | 2651 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы «Жас Отан» жастар қанатымен бірігіп жас кәсіпкерлерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырды. Оған «Жас Отан» ЖҚ-ның бастапқы бөлімшелерінің жетекшілері мен белсенділері және аудан орталығының жастары қатысты. Басты мақсат-өз ісін бастағысы келетін, кәсіпкерлікке икемі бар жастарға қолдау көрсету, жұмыссыз жастардың санын азайтып, ел экономикасын көтеруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.

 

Жастар бас қосқан жиында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беріліп, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы таныстырылып, шеберлік сабағы өтті. Сондай-ақ, семинар қатысушыларына бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірыңғай мемлекеттік бағдарламасы жайында, ондағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік ісін бастаушы азаматтарға бағытталған басымдықтары да түсіндірілді.

 

«Жастардың басым көпшілігі өздерінің жеке кәсіптерін ашып, оны жүргізуге үрейленеді. Кәсіпті неден және қалай бастау керектігін білмейді. Мемлекеттік қолдау мүмкіндіктерінен мүлдем хабарсыз. Сол олқылықтың орнын толтыру мақсатында бүгін семинар-тренинг өткізуді қолға алдық. Жастарға көмек ретінде кәсіпкерлікті жүргізу, маркетинг негіздері, бизнес-идеялардың мықты және осал тұстарына талдау жасау және негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы жан-жақты түсіндірдік»,-дейді «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру менеджері Абай Момбеков.

 

Семинарға 22 жас қатысып, білімдерін толықтырды. Кәсіби білікті мамандарға кәсіпті ашу мен оны басқару жөнінде түйіткілді сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Жиын соңында ұйымдастырушылар тарапынан жастарға арнайы сертификаттар табысталды.

 

«Семинар жоғары деңгейде өтті. Біраз мәліметтерге қанық болдым. Мұндай бағыттағы басқосуларды жиі өткізу-ісін енді бастағалы тұрған азаматтар үшін үлкен көмегін тигізері анық»,-дейді «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшесі Ақниет Асқарқызы.

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему