Кәсіпкерлерге арналған көмек
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кәсіпкерлерге арналған көмек

7 Августа 2015 (10:52) | 1634 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Даму-Көмек» бағдарламасы көптеген мүмкіндігі шектеулі жандарға септігін тигізуде. Бұл сөзімізге дәлел жақында осы бағдарлама аясында Маңғыстау облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы өндіріс саласында жұмыс жасайтын «ДИС» және «ButaProduction» ЖШС-мен бірігіп мүмкіндігі шектеулі екі кәсіпкерге демеушілік көмек жасады.

 

Мүгедек болса да, мүмкіндіктерін шектемей, кәсіпкерлікпен айналысуды қолға алған кейіпкерлеріміз Түпқараған ауданының тұрғындары. Демеушілік қолдаудың арқасында оларға заманауи фотоаппарт пен фото принтер және генератор құрылғысы сыйға тартылды. Енді жаңа техниканы қолданып олар өз кәсіптерін өрге домалатып, сапалы өнім шығарып, армандарын жүзеге асыратын болады.

 

Он сегіз жылдан бері фотоаппаратты жанына серік еткен Амалғали Ізбасаров заманауи техникаға қол жеткізіп, тапсырыстарының көлемін ұлғайтуды армандайтын. Алайла, бар мәселеге қаржыға келіп тірелетіні белгілі.

 

ІІ топтағы мүгедек жанның мейрамханаларда өтетін той мерекелеріне қызмет көрсетіп, фотоға, бейнетаспаға түсіріп, өңдеп шығарудан тапқан табысы күнделікті жүріп-тұрудан, ішіп-жеуден артылмайтыны анық. Ол бірде таныстарынан «Даму-Көмек» бағдарламасы жайында естіп, бағдарламаға қатысуды жөн санайды. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қорының Форт-Шевченко қаласындағы филиалына барып, мамандардан кеңес алыпты.  

 

 

Өз кәсібін дамытуға ынталы Амалғали Ізбасаров:

-Құрылғыларымның ескіріп, сапасы нашарлай бастағанын біраздан бері уайымдап жүрген едім. Жаңасын сатып алуға тапқан табысымнан ештеңе артылмайды. Таныстарымнан «Дамуға» барып көмек алуға болатынын естіп, өтініш жаздым. Бір айдың ішінде менің мәселемді қарап, бүгін міне су жаңа, заманауи фотоаппарт пен фото принтерге қол жеткізіп отырмын. Алғысым шексіз. Мүгедек екенмін деп қарап отырмай, еңбек етіп, өзімнің білетіндерімді жастарға үйретіп, шәкірт тәрбиелеп жүрген жайым бар. Болашақта өзімнің үлкен жеке фото салонымды ашқым келеді»,-дейді.

 

Ісін жаңадан бастаған, 1-ші топтағы мүгедек Тұрсынбек Қоңқақов-Түпқараған ауданы Таушық селосында тұрады. 2015 жылға дейін көлік жүргізушісі болып жұмыс жасаған ол ауылшаруашылығымен айналысуды қолға алыпты. Ұлы екеуі жеке отбасылық кәсіптерін дөңгелетіп, өңірде ауылшаруашылық саласының дамуына үлес қосқысы келеді. Сол мақсатта «Даму» қорына генератор құрылғысын сатып алуға тапсырыс берген.

 

Жалпы 2010 жылдан бері «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде 47 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілген. Ал, жыл басынан бері 10 кәсіпкер осы бағдарламадан көмек алыпты.

 

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру менеджері Абай Момбеков:

 

-«Даму-Көмек» атты бағдарламасы бойынша арнайы сайт жұмыс жасайды. Бізге келіп түскен өтініштерді сайт арқылы қараймыз. Мүгедек кәсіпкер немесе болашақта кәсіпкерлікпен айналысқысы келген тұлғалар бізге келіп өтінішін береді немесе сайтқа өтінішін орналастыра алады.

 

 

Сол өтініш бойынша біз аймақтың үлкен кәсіпорындарына, мекемелерге хатпен шығып, демеушілерді іздейміз. Біздің өтініштерімізге мекемелер бей-жай қарамай, мүмкіндіктеріне қарай көмектесіп келеді. Солардың бөлген қаражаты есебінен қажетті тауарларды сатып алып, біз кәсіпкерлерге сыйға береміз.

 

 Бүгін демеушілік көмектің арқасында 2 мүмкіндігі шектеулі жан өз өтініштері бойынша қажетті құрал-жабдықтарын алды. Бұл үрдіс жалғасын табатын болады»,-дейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему