ДДҰ өкілінің Маңғыстауға сапары
10 Апреля 2015 (16:27) | 2039 | Автор: Нұрганым Имашева
Маңғыстау облысы әкімдігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы және тұрақты дамуға қол жеткізу мүмкіндіктерінің кеңейтілуі» деп аталған бірлескен бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған шаралардың аясында сәуірдің 9-10 аралығында аймаққа Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) сарапшысы д-р Тит Альбрехт (Словения) келді.
Мәртебелі мейманның киелі өлкеге жасаған сапарының басты мақсаты-Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейіндегі онкологиялық сырқаттарды анықтаудың скринингтік бағдарламасынан бастап барлық деңгейде онкологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу мен жағдайды бағалау миссиясы.
Құрметті қонақ аймаққа келген кезде алдымен облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшыларының қабылдауында болды. Содан соң сарапшыға қалалық емханалардағы скринингтік тексеру бағдарламасының жүзеге асырылуының жай-күйі таныстырылды.
Түстен кейін ДДҰ сарапшысы д-р Тит Альбрехт №1 Ақтау қалалық емханасында дәрігерлерге арналған «Жеке және популяциялық денсаулықты жақсарту үшін скринигтік бағдарламалардың тиімділігін арттыру» тақырыбында қысқа семинар өткізді.
- Қазақстанда халық денсаулығын нығайтуға бағытталған амбицияға толы кең көлемді «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бар екендігі қуантады. Бұл бағдарлама бойынша 11 скринингтік тексеру бағдарламасы көзделген. Келер жылы бағдарламаның мерзімі аяқталған соң оның нәтижелері зерттеліп, өзінің бағасын алады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі қазір осы бағдарламаның талдауын жүргізу бойынша біраз жұмыстар атқаруда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы да бұған қатысуда.
Бүгінгі емхана дәрігерлеріне арналған семинарда Қазақстандағы қазіргі жүзеге асырылып жатқан скринингтік бағдарламалар бойынша өз ұсыныстарымды беріп, тәжірибе жүзінде кейбір ерекшеліктерге назар аударуды ұсынбақшымын,-деді ДДҰ сарапшысы.
Скринигтік тексерулердегі ең өзекті саналатын, бүгінгі таңда алаңдатарлық мәселе болып тұрған 3 түрлі онкологиялық сырқат-әйелдердегі жатыр мойнағының рагы мен сүт безінің обыры және тоқ ішектің қатерлі ісігі, сонымен қатар жүрек-қан тамырларының сырқаттарына аса көңіл бөлінетінін құптаған сербиялық мейман, елдегі өлім-жітімнің көбі аталған аурулар бойынша болып тұрғанына тоқталды.
10-сәуірдегі, жұмадағы ДДҰ сарапшысының жұмыс күні Маңғыстау облыстық ауруханасындағы клиникалық-диагностикалық кешенде жүрек-қан тамырларының сырқаттарына арналған скринигтік бағдарламаның жай-күйімен танысудан басталды. Бұдан кейін сарапшы облыстық онкологиялық диспансерге арнайы барып, аймақ тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетудің ахуалымен танысты. Онколог-дәрігерлерге өз ұсыныстарын білдірген маман мұндағы қатерлі ісік сырқаттарын емдеу тәсілдерімен танысып, емдеу мекемесіндегі заманауи медициналық жабдықтарды көрдіжәне атқарылып жатқан жұмыстарға өз бағасын берді.
Түстен кейін құрметті қонақ облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен кездесіп, 2 күндік сапарын қорытындылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
отмена