Мемлекеттің қауіпсіздігі мен Тәуелсіздік тірегі – қуатты әскер
Курс валют в Актау
на 29/10/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
29 Октября, 14:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттің қауіпсіздігі мен Тәуелсіздік тірегі – қуатты әскер

28 Октября 2026 (13:19) | 1 | Автор: Редакция

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына 3502 әскери бөлімінің командирі, подполковник Андасов Есенғазы Анатолевичтің үн қосуы:


Мемлекеттің қауіпсіздігі мен Тәуелсіздік тірегі – қуатты әскер

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгінгі тарихи Жолдауы еліміздің даму жолындағы жаңа кезеңнің басымдықтарын айқындап берді. Егемендігіміздің 35 жылдық белесі қарсаңында жарияланған бұл стратегиялық құжат әрбір отаншыл азаматқа, әсіресе, ел қауіпсіздігін күзеткен әскери қызметшілерге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Президент өз Жолдауында мемлекеттілік пен заң мен тәртіптің маңыздылығына ерекше тоқталды. Тұрақтылық пен бейбітшілік жоқ жерде ешқандай реформа мен экономикалық өрлеудің болуы мүмкін емес. Сондықтан ел ішіндегі тыныштықты сақтау және сыртқы қатерлерге қарсы тұру — біздің, яғни әскери қызметшілердің қасиетті борышы.

Қазіргі геосаяси жағдайда әскердің кәсібилігін арттыру, заманауи технологиялар мен басқару жүйелерін енгізу және жеке құрамның жауынгерлік рухын нығайту міндеті тұр. ҚР Ұлттық ұланының 3502 әскери бөлімінің жеке құрамы Жолдауда айтылған мақсаттарды толық қолдайды. Біз Мемлекет басшысы белгілеген заң мен тәртіп қағидатын бұлжытпай орындауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және Отанымыздың қауіпсіздігін қорғауға әрқашан дайынбыз.

Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты үндеуі бізді жаңа жетістіктерге жұмылдырып, Отанға деген қызметімізді сапалы әрі адал атқаруға серпін береді. 3502 әскери бөлімі Жоғарғы Бас Қолбасшының сенімін ақтап, еліміздің тыныштығын кірпік қақпай күзетуді жалғастыра береді!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему