Еліне адал қызмет – офицерлік парыз
Курс валют в Актау
на 22/07/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
22 Июля, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еліне адал қызмет – офицерлік парыз

21 Июля 2026 (11:23) | 1 | Автор: Редакция

Әрбір әскери қызметшінің басты мақсаты – Отанның тыныштығын күзетіп, халқына адал қызмет ету. Осындай жас офицерлердің бірі – аға лейтенант Қызайбек Сағи Досымбекұлы.

Қызайбек Сағи Досымбекұлы 2003 жылғы 3 қарашада Алматы облысы, Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы. Балалық шағынан білім мен тәртіпті басты құндылық санап өскен ол мектеп қабырғасынан-ақ әскери қызметке қызығушылық танытты.

Білім жолын 2009 жылы Алматы қаласындағы №156 жалпы білім беретін мектептен бастап, кейін №152 гимназияда жалғастырды. 2012–2018 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қойшыбек орта мектебінде білім алды. 2018–2020 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебінде оқып, әскери өмірдің алғашқы тәжірибесін жинақтады.

Әскери маман болуды мақсат еткен Қызайбек Сағи Досымбекұлы 2020 жылы Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институтына оқуға түсіп, 2024 жылы «тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі офицер» мамандығы бойынша оқуын сәтті аяқтады.

Қазіргі таңда ол Теңіз жаяу әскерлері құрамында рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымында абыройлы қызмет атқаруда. Қызмет барысында жауынгерлердің әскери-патриоттық тәрбиесіне, жауынгерлік рухын көтеруге және әскери ұжымдағы тәртіп пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

Жас офицер түрлі жауынгерлік дайындықтар мен оқу-жаттығуларға белсенді қатысып, кәсіби шеберлігін шыңдап келеді. Оның әскери қызметіндегі ерекше жетістіктерінің бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен әскери парадта Теңіз жаяу әскерлері бригадасының Жауынгерлік туын алып жүруі. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жоғары сенімнің белгісі.

Қызайбек Сағи Досымбекұлы әскери қызметтің басты мәні – Отанға адал қызмет ету, әскери антқа беріктік таныту және жас сарбаздарға үлгі болу деп есептейді. Ол өз тәжірибесі мен білімін кейінгі буын әскери қызметшілеріне үйретіп, олардың кәсіби және рухани дамуына үлес қосуды басты мақсаттарының бірі санайды.

Ел қорғаны болу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Осындай жас офицерлердің адал еңбегі мен табанды қызметі Қазақстан Қарулы Күштерінің қуатын арттырып, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қызмет етеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему