Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті
Курс валют в Актау
на 06/06/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
6 Июня, 21:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті

3 Июня 2026 (11:35) | 1 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде Орал қаласының студенттері мен мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін арттыру және Отан қорғаушы мамандығын насихаттау.

Қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама әзірленді. Іс-шараға қатысушылар әскери бөлімнің тарихы мен негізгі міндеттерімен танысып, әскери қызметшілердің қызмет атқару және тұрмыс жағдайларын көрді. Әсіресе, әскери қызметшілердің көрсетілімдік өнерлері, заманауи қару-жарақтар мен арнайы техникалардың таныстырылымы жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Экскурсия барысында оқушылар мен студенттер әскери қызметшілерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери қызметтің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар және Ұлттық ұландағы қызметтік өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

5517әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы майор Шыңғысхан Валиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар мен әскер арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

– Ашық есік күні жастарға әскери қызметтің қыр-сырын жақыннан танып-білуге, Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қызмет ету жағдайларын көруге және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді. Біз әрдайым қонақтарды қарсы алуға және өскелең ұрпақпен тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз, – деді бөлімше бастығы.

Іс-шараға қатысқан студент Арман да өз әсерімен бөлісті.

– Маған экскурсия өте ұнады. Әсіресе әскери қызметшілердің көрсетілімдік қойылымдары мен әскери техникалар ерекше әсер қалдырды. Бүгін мен Ұлттық ұландағы қызметтің қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін көрдім. Осындай кездесулер әскери мамандықты тереңірек түсінуге және патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді, – деді студент.

Іс-шара соңында қонақтар әскери бөлім басшылығына жылы қабылдау көрсеткені үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай кездесулерге қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему