Қарызымыз 31,9 трлн теңгеге жетті
Курс валют в Актау
на 16/07/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
16 Июля, 04:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарызымыз 31,9 трлн теңгеге жетті

19 Июня 2025 (14:54) | 1961 | Автор: Редакция

Бүгін Мәжіліс отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беріп, мемлекеттік қарыз көлемі 31,9 трлн теңгеге жеткенін айтты. Халықаралық бақылаушылардың бұл қарызды орташа деп бағалағаны министрлікке арқа басын кеңге салуына мүмкіндік беріп отырған сияқты.

Ал  Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева бұл тұжырыммен келіспей, алаңдауға себеп барын айтып отыр.

Оның айтуынша,  соңғы 10 жылда Қазақстанның мемлекеттік қарызы екі жарым есе артқан. Ал қарыздың сапасы мен тәуекелдері туралы ешкім нақты талдау жасамайды. Жаңа Бюджет кодексіндегі  барлық қарыз көздері ашық көрсетілуі керек керек деген норма, депутаттың айтуынша қағаз жүзінде қалып отыр.

Ал сарапшылар 2025 жылдың алғашқы тоқсанында қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге арналған шығын 982 млрд теңгеге жеткенін айтады.

2023 жылы сыртқы қарызға шектеулер белгілейтін 2030 жыл­ға дейінгі мемлекеттік қар­жы­ны басқарудың жаңа тұжы­рым­дамасы қабылданды. Ұлттық эко­номика министрінің 2023 жыл­ғы 29 желтоқсандағы бұйры­ғы­­мен 2024 жылға арналған квази­мемлекеттік сектордың сырт­қы қарызының шекті көлемі бекі­тілді.

  • «Самұрық-Қазы­на» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – 5 741 720 млн теңге немесе 12 482 млн доллар,
  • «Бәйтерек» ұлттық басқа­рушы холдингі – 2 319 780 млн теңге немесе 5 043 млн доллардан аспауы керек­тігі айтылған.

ҚАРЖЫ талдаушысы Ерлан Ибра­гимнің айтуынша, біз сырт елдерден 2–2,5 пайызбен қарыз аламыз.

  • Халық­аралық тәжірибеде мемлекеттік қарызды өтеуге бюджет шығыстарының 15%-дан аспайтын бөлігін жұмсау әдет­ке айналған.
  • Ал біздің елде бұл көрсеткіш 7 пайыз­дан ас­пай­ды.
  • Демек дәл қазіргі жағ­дай­­да қарызды өтеу құнының дең­гейі барлық өлшем бойынша төмен деңгейде.

Осыған дейін

 Сыртқы қарыз статистикасында айқын­дылық жоқ. Ұлттық банк  2023 жылдан бастап  жылдан бас­тап квазимемлекеттік сек­тордың қарызын Үкіметтен бөліп қа­рап жүр.

Сыртқы қарыздың бета­лысын шектеу туралы ұсы­ныс­тар, оның ішінде сыртқы қа­рыз­ды негізсіз тартқаны үшін бірінші басшы жауапқа тартылу мүмкіндігі көп айтылды. Депутат Ерлан Саировтың айтуынша,  экономикалық сая­сат мем­лекеттік қарыз, кедейшілік, эконо­микалық теңсіздік, оны әртарап­тандыру проблемалары сияқты дамудың іргелі проблемаларын шеше алмады. Экономика әртарап­тандырылмаса, тәуел­ділік деңгейі төмен­демейді, әлеуметтік реформаны сыртқы қарыз арқылы шешу жалғаса береді. «Мемлекеттік қарыздың дең­гейін бақыламасақ, экономикалық еге­­мендігімізден айырылып қа­луы­мыз мүм­кін. Сондықтан Үкіметтің қарыз алу үдерісі қоғам мен Парла­менттің тұрақты бақы­лауында болуы керек», дейді Е.Саиров.

Ақпарат көзі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему