«Алкоголь мен есірткі қылмыстың қайнар көзі»
21 Января 2025 (11:04) | 339 | Автор: Редакция
Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының патрульдік – постық қызметінің жеке құрамымен, 2025 жылғы қаңтар айының жоспарының 5 тармағын орындау мақсатында, 2025 жылғы 20 қаңтарда Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімнің және 6656 әскери бөлімінің кинология қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерде арнайы үйретілген қызметтік итті пайдалана отырып есірткі заттарын тұтынудың жолын кесу, нашақорлық, әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың тарауына жол бермеу немесе басқа да бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Осы алдын-алу іс-шарасы барысында әскери бөлімдердің БӨП, казармада қызмет өткізу орындарда, жертөлелерде, шатырларда есірткі және жарылғыш заттарын іздестіру шаралары және жеке құрамға есірткі пайдаланудың салдары адам денсаулығына және өміріне өте қауіптілігі, есірткі затын тұтыну, пайдалану, сақтау және тасымалдау деректері үшін қылмыстық жауаптылықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған іс-шара әрдайым өткізілетін болады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему