Ақтауда әскерилер сайлауға белсене қатысуда
19 Марта 2023 (09:24) | 1836 | Автор: Редакция
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде дауыс беру сағат 06.00 – де басталды.
Әскери бөлімнің сарбаздары сайлауаға белсене қатысуда. Әскери қызметшілердің басым бөлігі үшін, бұл алғашқы сайлауға қатысулары болып отыр.
Солардың бірі - күзгі шақырылымда Ақтөбе қаласынан шақыртылған қатардағы жауынгер Мухтаров Айбат Мұратұлы.
-Бүгін мен өмірімде алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым.Бұл сайлау саяси-қоғамдық өміріміздің жандана түсуіне, түлеуіне айрықша әсер етері сөзсіз. Мен бүгін елімізде өткізіліп жатқан сайлауға қатысып, өз дауысымды бердім. Әрине, депутатқа үміткер партияларымен азаматтардың әр бірінің өзіндік бағдарламасы, жоспары бар.
Ел қалауларының басты мақсаттары халықтың тұрмыс - тіршілігінің жақсартуға, әл-ауқатының арттыруға өз үлестерін қосу деді,- өз сөзінде.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему