Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов: тұрғындардың өтініші бойынша жұмыстар жалғасып жатыр
Курс валют в Актау
на 29/01/2023
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
29 Января, 02:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов: тұрғындардың өтініші бойынша жұмыстар жалғасып жатыр

12 Января 2023 (17:31) | 1186 | Автор: Редакция

Ақтау қаласындағы Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының темір қоршауын алу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновтің тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.

-Бір ай бұрын әлеуметтік желіде 8 ш/а тұрғындары көлік тұрағының жоқтығы бойынша наразылық білдірген. Бүгін қала әкімінің тапсырмасы бойынша театр артындағы темір қоршау алынып, аталған аумақта жалпы қолданыстағы көлік тұрағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жұмыстарды 4-5 күн көлемінде аяқтау жоспарланып отыр, деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейилов.

Еске сала кетейік, әкім қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде қоршауға қатысты ойымен бөліскен еді. Соған байланысты қала аумағын ұлғайту мақсатында Абай атындағы мәдениет үйі және қалалық әкімдік ғимаратының қоршауына демонтаж жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезде жұмыстар жалғасып жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему