Әр мектепте прокуратура қызметкері мен полиция инспекторы болады
10 Ноября 2022 (15:47) | 1661 | Автор: Редакция
Маңғыстау облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдары арасында білім саласындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Енді әр мектептің өзіне бекітілген прокуратура қызметкері мен полиция инспекторы болады. Мақсаты - кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты жасалатын және олармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиісті шаралар ұйымдастыру, білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шаралар қабылдау.
Меморандум аясында Маңғыстау облыстық прокуратурасы, білім саласы, полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен облыс орталығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен «Тәртібің мен құқығың - тұлғалық қасиеттің айнасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында балаларға құқық бұзушылық, оның алдын алу, қылмыс үшін қолданылатын жаза түрлері туралы түсініктер беріліп, сұрақ-жауап алмасты. Оқушылар да құқықтану мәселесіне қатысты ынталарының жоғары екендерін көрсетті.
Шара соңында Ақтау қаласындағы 28 мектептегі оқушы парламенттерінің президенттерін ұлықтау рәсімі, оқушылар арасында дебаттық шара өтті. Мамандар, осы бағыттағы шаралар жалғасатынын айтады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему