Ақтауда «Қолжетімді спорт» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті
22 Июля 2022 (13:45) | 1741 | Автор: Редакция
Ақтаудағы теңіз жағалауында «Қолжетімді спорт» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Қолжетімді спорт» жобасының операторы «Astana Art Group» ЖШС ұйымдастыруымен және Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шара 20 шілде күні өтті. Мақсаты қала тұрғындары үшін тегін түрде спортпен шұғылдануға арналған.
Жоба алғаш рет қазан айының басында Нұр-Сұлтан қаласында басталған. 2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасып, 20 мыңға жуық елорда тұрғынын қамтыды. 2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанның жеті қаласында атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Петропавл, Ақтау және Талдықорған қаласында жүзеге асты. Жобаның негізгі тұжырымдамасы халық көп жиналатын орындарда қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарта отырып, спорттың скандинавиялық жүріс, жүгіру, каратэ, фитнес, үстел теннисі түрлерін үйрету. Сабақтар білікті жаттықтырушылардың нұсқауымен кешкі уақытта арнайы жабық залдарда және теңіз жағалауында өтуде. Бір сабақтың ұзақтығы 1,5 сағат. Сондай-ақ, фитнес сабақтарынан басқа спорттың қалған түрлеріне жас шектеу жоқ. Спорт залдарда фитнес, үстел теннисі және каратэ сабақтары ұйымдастырылған. Ал жүгіру және скандинавиялық жүріс теңіз жағалауында өтеді.
Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Дюсеновтың айтуынша, аталған жоба қала тұрғындарын бұқаралық спортпен шұғылдануына жақсы мүмкіндік болды.
-Тұрғындар аптасына екі рет теңіз жағасында таза ауада тегін түрде нұсқаушымен бірге жаттығуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, үстел теннисі мен каратэ спорт түрінен жабық залдарда жаттығулар өтеді. Жоба аясында осы күнге дейін қаламыздан 5000-ға жуық адам тіркелді, деді Асылбек Дюсенов.
«Қолжетімді спорт» жобасының қатысушыларымен өткен арнайы шара барасында ұйымдастырылған спортшылардың көрсетілімдері мерекелік атмосфера мен жақсы көңіл-күй сыйлады. Қатысушылар арасында жоба серіктестерінің арнайы дайындалған сыйлықтарының ұтысы өткізілді. Сондай-ақ, жоба қатысушылары және жиналған халық тұрғындарымен сергіту жаттығулары өтті. Іс-шараның барлық қатысушыларына жобаның арнайы логотипі бар бейсболка мен футболка таратылды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему