Мұнайлылық спортшылар үстел теннисінен ел чемпионы атанды
12 Октября 2021 (14:17) | 636 | Автор: Редакция
Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен Қазақстан Республикасының VI спартакиадасында Мұнайлы ауданының теннисшілері топ жарды. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 17 облысынан барлығы 170 спортшы қатысты. Командалық есепте мұнайлылық Мейірбек Өтепов пен Ғабит Мырзабаев бірінші орынға ие болып алтыннан алқа тақты.
«Бұл - ерік-жігері мықтылардың сайысы. Кез-келген спортшы бұл сайыста топ жара алмайды. Десе де мұнайлылық спортшылар өлкеміздің абыройын жоғары деңгейге көтерді», - деді спортшылардың бапкері Наурызбек Бақтығұл.
Жеке жарыс кезінде спортшылар қарсыластарына дес бермеді. Алдыңғы қатардан көрінген олар шеберлігін тағы бір мәрте көрсетті. Жекелей сын бойынша Тұрдыбек Жидеғалиев қола жүлде алып, Ақкүміс Боқаева 2-орынды иеленді. Ал Мейірбек Өтепов Қазақстан чемпионы атанды.
Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен додада үстел теннисінен маңғыстаулықтар алғаш рет чемпион атанды.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему