Басқұдықта 2 мектептің құрылысы басталды
15 Июня 2021 (12:32) | 1175 | Автор: Редакция
Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылдық округінде 2 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Басқұдық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Саламат Ильджанов мәлім етті.
Оның айтуынша, мектептің бірі - 1200, ал екіншісі - 600 орындықты құрайды.
Басқұдықта халық санының көп болуына байланысты білім ошағы аздық етуде. Сондықтан Басқұдықта тұратын 864 бала аудан орталығындағы мектепке қатынап оқиды.
«Салынып жатқан 2 мектептің құрылысы аяқталса, ең алдымен ішкі тасымал мәселесін шешеміз. Мектеп құрылысы ауылымыздың ең шеткі нүктелері саналатын «Алау», «Жаңақоныс» тұрғын үй массивтерінің аумағында жүріп жатыр. «Алау» тұрғын үй массивіндегі 1200 орындық мектептің сыртқы қоршау жұмысы толық аяқталды. Құрылысқа берілген жалпы жер көлемі 7 гектар, ал мектеп 7600 шаршы метрді құрайды. Қазір мердігер мекеме мектептің іргетасын құю үшін негізін дайындап жатыр», - деді Саламат Ильджанов.
Ауыл әкімінің мәлімдеуінше, 2 мектептің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Жоспар бойынша құрылыс екі жылдың ішінде аяқталуы тиіс.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему