Ғазиз надуев: маңғыстау облысы covid-19 індетінің таралуы бойынша ″сары аймаққа″ кірді
20 Мая 2021 (10:30) | 1881 | Автор: Редакция
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, бір апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі төмендемейтін болса, қосымша шектеу шаралары енгізіледі.
"19 мамыр күні Маңғыстау облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "сары аймаққа" енді. Бір апта ішінде қауіпті індет жұқтықтарғандардың саны төмендемесе, карантиндік шектеу шараларын күшейте отырып, облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысын шығаруға мәжбүр боламыз", - деді Ғазиз Надуев.
Спикердің айтуынша, бүгінде 30-39 жас аралығындағы адамдар арасында індет жұқтырудың 1428 жағдайы тіркелді.
"Жастар қаулыда көрсетілген карантиндік шараларды елемейді. Сол себепті қауіпті індет жұқтырғандар көбейіп жатыр", - деді Ғазиз Надуев. Халықты вакцинациялау басталғалы Маңғыстауға "Спутник – V" вакцинасының 73 350 дозасы, қазақстандық вакцинаның (QazVac) 2000 дозасы, қытайлық вакцинаның 24 000 дозасы әкелінді.
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему