2020 жылы облыс көлеміндегі трассалардың сапасы 476 рет тексерілді
Курс валют в Актау
на 01/03/2021
 
416.04
419.52
 
502.57
507.48
 
5.54
5.69
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
1 Марта, 23:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2020 жылы облыс көлеміндегі трассалардың сапасы 476 рет тексерілді

15 Февраля 2021 (14:46) | 1703 | Автор: Редакция

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғаш рет «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК 2019 жылдың мамыр айында құрылғаны мәлім.

 

 

Өкілетті ведомство ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетіне қарайды. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыста филиалдары бар.

 

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері құрылысы жүріп жатқан және қазір қолданыстағы әртүрлі маңыздағы көлік жолдарының сапасына бақылау жүргізеді.

 

Мәселен, маңғыстаулық жол сапасын бақылаушылар 2020 жылдың 12 айында өңір аумағындағы трассаларға 476 рет шығып, бас-аяғы 46 нысанда тексеру жүргізді. Жол құрылысына қолданылған материалдардан 2199 сынама алынды. Олардың 1 мыңға жуығының сапасы талапқа сай емес.

 

«Республикалық маңыздағы жолдарда 217 рет бақылау жүріп, 13 нысан тексерілді. Алынған 168 сынаманың 9-ы талаптарға сай келмей шықты. Бұдан бөлек 128 әртүрлі ақаулықтар табылды. Оларды жою үшін мердігер мекемелер мен олардың қызметіне тапсырыс беруші әкімдік бөлімдеріне 27 рет қызметтік хат жазылды. Ал жергілікті маңыздағы жолдарда 109 рет бақылау рейді жасалып, 16 нысан тексерілді. Жол инженерлеріміз алған 1089 сынаманың 393-і нормативті техникалық құжаттар талаптарына сай келмей шықты. Сондай-ақ бұл жолдардан 31 ақаулық табылды. Тиісті орындарға 26 рет хат жолданды» - деп мәлімдеді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Елтай Таялиев.

 

Филиал басшысының айтуынша, былтыр қалаішілік, ауданішілік және ауылішілік көлік жолдарында 21 рет тексеру жүргізіліп, 17 нысаннан барлығы 501 сынама алынған. Оның 90-ы талапқа сай еместігін анықталды. Осы себепті жауапты тұлғаларға 71 рет қызметтік хат жолданып, кемшілік табылған жерлер көрсетілген.

 

Жалпы Маңғыстау облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2948 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңыздағысы - 1020 шақырым, 1928 шақырым жолдар - облыстық және жергілікті маңызға ие.

 

«ЖАҰСО» РМК баспасөз қызметі.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему