ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ″КАРАНТИН-2020″ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
Курс валют в Актау
на 23/10/2020
 
426.3
430.12
 
503.38
508.55
 
5.45
5.67
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
23 Октября, 16:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ЖАҢАӨЗЕНДЕ ЖАС МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ″КАРАНТИН-2020″ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

16 Октября 2020 (12:44) | 1243 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Карантин 2020 Олимпиадасы» өтті. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Дәурен Жарылғапов мәлім етті.

 

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша еркін форматта өткен шарада ұстаздар білімдерін емес білек күштерін сынады. Жарыстың барлығы физикалық қимыл қозғалысқа негізделген. Қатысушылар мұндай айрықша кешке бар күштерін салып, жұмыла кірісті. Шараның басты ерекшілігі де осы.

 

"Мұндай жарысты өткізудің мақсаты қашықтықтан оқыту режимінде осалдық танытпай, онлайн форматты ұстанып келе жатқан жас маман-мұғалімдерді барлық карантин талаптарын сақтай отырып, сергіту болды. Бұл біздің қолымыздан келді, өйткені оқушыларды білім нәрімен сусындатып келетін ұстаздар бір-бірімен бәскелесіп, жеңімпаз болуға ұмтылды, көңіл күйлері көтерілді" - деді Дәурен Жарылғапов.

 

Айта кетейік, "КАРАНТИН-2020" олимпиадасында арнаулы оқу орын мұғалімдерінен құралған «Самғау» тобы және орта мектеп мұғалімдерінен құралған «Праймериз» тобы 4 кезеңнен тұратын ойында өз бақтарын сынады. Жарыс нәтижесі бойынша «Самғау» тобы жеңіске жетті. Барлық мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

 

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему