ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУДЫ ОНЛАЙН ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ
30 Июля 2020 (17:47) | 2534 | Автор: Редакция
Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысында “Құрбан Aйт” мейрамына дайындық мәселелері талқыланды.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты дін істері басқармасымен штаб өкілдері бірлесе отырып, Құрбан айтты өткізудің арнайы тәртібін әзірледі.
Бұқаралық іс-шараларға қатысудан және өткізуден бас тарту қажет. Арнайы белгіленбеген жерлерде құрбандық шалуға, сондай-ақ құрбандыққа шалынған етті мекен-жайға жеткізуге тыйым салынады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Qurban-2020.kz веб сайты ашылды. Бұнда онлайн режимде құрбандық шалу рәсіміне өтініштер қабылдайды.
Елімізде орын алған карантиндік шектеулерге байланысты өтініш берушілер бөліктің 1/3 көлемін өздеріне ала алмайды. Волонтер жастардың көмегімен барлық ет мұқтаждарға толығымен таратылады.
Жиын барысында мал сою пункттерінің жұмыс істеу тәртібі мен олардың саны талқыланды. Өңір басшысы полиция өкілдері мен дін қызметкерлеріне санитарлық шараларды қатаң қадағалауды тапсырды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему