Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс енді 2 кезеңмен өткізіледі
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу бойынша конкурс енді 2 кезеңмен өткізіледі

28 Июля 2020 (17:48) | 2229 | Автор: Редакция

Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына түзетулер енгізілді.

 

 

Енгізілген түзетулерге сәйкес, барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында өтетін ішкі конкурс жалпы конкурспен біріктірілген. Өзгерістер 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап күшіне енді.

 

Бұған дейін мемлекеттік органдар конкурстардың үш түрін жүйелі түрде өткізіп келді. Олар: мемлекеттік органның өз қызметкерлері арасындағы конкурс, барлық мемлекеттік қызметкерлер арасындағы конкурс және барлық азаматтар арасындағы жалпы конкурс.

 

Өз кезегінде, бұл жаңашылдық мемлекеттік органдардың бос лауазымдарын уақыт созбай толтыруға ықпал етеді.

 

Бұдан бөлек, аталған жаңашылдық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін кадрлық шешімдер қабылдауда мемлекеттік органдардың ұтқырлығын арттыруға септігін тигізеді.

 

Осының алдында конкурстардың үш түрін өткізу бос орындарды толтыру үшін көп уақытты талап ететін. Бос лауазымдарға орналасу конкурстарының барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазіргі уақытта бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

 

Аталған тәсіл жүйенің мансаптық моделін бұзбайды, ал оған үлкен ұтқырлық береді және тұтастай алғанда, жеке сектордан талантты мамандарды тарту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жалпы конкурстарға қатысу тәртібі жеңілдетілді. Өткен жылдың қараша айында Заңға мемлекеттік қызметкерлерді жалпы конкурсқа қатысу кезінде тестілеуден өтуден босататын түзетулер енгізілді.

 

Осылайша, мемлекеттік қызметшілер енді жалпы конкурстарға жалпы негізде емес, ішкі конкурсқа ұқсас жеңілдетілген тәртіп бойынша қатысады. Осыған байланысты, конкурс кезеңдерін қысқарту меритократия қағидаттарына теріс әсер етпейді.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему