Маңғыстау облысында кинологиялық есепті сертификаттау жүргізілді
16 Июня 2020 (10:42) | 3346 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Азаматтық қорғау органдарында зардап шеккен немесе жоғалған адамдарды іздеу және анықтау жөніндегі қызметті қызметтік иттермен кинологиялық есеп жүргізеді. Бұл - іздеу-құтқару операцияларына кинологиялық есептерді іздестіруге тартылатын топтардың санын азайтуға, іздеу ауданын және адамды табу мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. Бұл ретте маңызды сәт адам мен ит жұмысының өзара түсіністігі мен үйлесімдігі болып табылады, оның нәтижелеріне құтқарылатын адам өмірі тәуелді болады. Бұл орайда жануардың міндеті - адамдарды табу, ал кинологтың міндеті - өз жануарын қиын, ал кейде төтенше жағдайлардағы жұмысқа үйрету».
-2020 жылғы 1 және 3 маусым аралығында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің комиссиялық құрамында Ақтау қаласының кинологиялық есебі сертификаттаудан өткізілді. Оған жедел-құтқару жасағының 2 кинологиялық есебі «Гермес» және «Рей» деген лақап аттарымен 2 қызметтік иттері - неміс овчаркаларымен қатысты.
«Сертификаттау үш кезеңде өтті. Бірінші кезең - «Тыңдауды және ептілікті тексеру», екінші кезең - «Табиғи ортада іздеу-құтқару жұмыстары», үшінші кезең «Қираған ғимараттар мен құрылыстардың үйінділері жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары».
Барлық тапсырмалар нақты жағдайларға барынша жақындалды, ал кинологиялық есептердің жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері іздестіру-құтқару іс-әрекеттерін жүргізудің жылдамдығы, сапасы мен қауіпсіздігі болды, -деді Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің Азаматтық Қорғау Басқармасының аға офицері А. Нуксуев.
Сертификаттау нәтижелері бойынша аттестатталушылар сынақтан сәтті өтті.
Суреттер мен видео баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему