Маңғыстауда Жол картасын іске асыруға 34 млрд теңге қарастырылған
Курс валют в Актау
на 26/05/2020
 
419.8
425.47
 
454.56
461.17
 
5.59
5.89
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Мая, 18:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Жол картасын іске асыруға 34 млрд теңге қарастырылған

20 Мая 2020 (16:05) | 606 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Жайсаңгүл Досполованың қатысуымен қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте белгілі болды.

 

 

Басқарма басшысының міндетін атқарушының мәлімдеуінше,  «Төтенше жағдай режимі кезеңінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында Жұмыспен қамтудың жол картасы жасақталып, бекітілді.

 

Қабылданған Жол картасының негізгі мақсаттары:

- жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу;

- қосымша жұмыс орындарын құру және табыстың болуын қамтамасыз ету;

- елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау.

 

Облысымызда Жол картасын іске асыруға 34 млрд. теңге қарастырылып отыр. Жалпы алғанда 144 жоба қамтылады және 8495 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ол жобаларды жүзеге асыру кезінде уақытша жұмыспен қамтуды ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік береді».

         -Жол картасы келесі жұмыстар мен нысандар түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қарастырады:

         1. әлеуметтік–мәдени нысандары – 63 жоба (8,6 млрд. теңге). Бұл жобаларда 2 829 жұмыс орны құрылады және 1 387 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады;

  1. 37 жоба (13,2 млрд. теңге). Бұл жобаларда 2 829 жұмыс орны құрылады және      1 414 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады;
  2. 30 жоба            (7,5 млрд. теңге). Бұл жобаларда 1 382 жұмыс орны құрылады және 792 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады;
  3. 13 жоба                  (4,6 млрд. теңге). Бұл жобаларда 1 455 жұмыс орны құрылады және              753 адамды халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылады,-дейді ол.

 

Жайсаңгүл Досполованың айтуынша, «Жол картасы шеңберіндегі жобаларға қатысу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінулері қажет.

 

Ақтау қаласында 49 жоба, Жаңаөзен қаласында 19 жоба, Бейнеу ауданында 12 жоба, Қарақия ауданында 18 жоба, Маңғыстау ауданында 17 жоба, Мұнайлы ауданында 9 жоба және Түпқараған ауданында 20 жоба іске асырылады деп жоспарланды.

 

Бүгінгі күні 144 жобаның 142 жобасына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 130 жоба бойынша конкурстық процедуралары аяқталды.

 

Қазіргі таңда, 80 жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп бастады. Бұл жобаларға барлығы 3587 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1346 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы».

 

Суреттер today.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему