Маңғыстауда 455 адам мемлекеттік гранттармен қамтылады
Курс валют в Актау
на 26/05/2020
 
419.8
425.47
 
454.56
461.17
 
5.59
5.89
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Мая, 18:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 455 адам мемлекеттік гранттармен қамтылады

20 Мая 2020 (16:01) | 576 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова мәлімдеді

 

 

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай енгізілді.

Осыған байланысты кейбір мекеме, кәсіпорындар уақытша жұмысын тоқтатты, соның салдарынан кейбір азаматтар жұмыссыз қалды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп Маңғыстау облысының әкімдігі облыс бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын жасақтап, бекітті.

Бұл Кешенді жоспар шеңберінде барлығы 17 320 адам қамтылады деп күтілуде.

Кешенді жоспарға сай іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде азаматтарды қамту көзделіп отыр,-дейді Жайсаңгүл Досполова.

 

 

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамту шаралары бойынша 8 067 адам тұрақты жұмыс орындарымен, 7 334 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылады. Сонымен қатар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуды бітірген 840 адам жұмыспен қамтылса, 624 адам шағын несиемен және 455 адам жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттармен қамтылады.

 

Сонымен қатар, осы төтенше жағдайға байланысты республикалық бюджеттен қосымша 1 556 адамды қамту үшін 585 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:

         - мемлекеттік грант – 180 адамға (95,4 млн. теңге);

         - ақылы қоғамдық жұмыс – 1 000 адамға (340,0 млн. теңге);

         - жастар тәжірибесі – 376 адамға (149,5 млн. теңге).

         Барлығын қосқанда осы Кешенді жоспар шеңберінде    18 876 адам қамтылады».

        

Суреттер  weekend.bugin.kz сайтынан және  қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему