Өрт сөндірушілер Есназаровтар әулетінің отбасылық ісі – құтқару және қорғау
Курс валют в Актау
на 22/04/2021
 
428.48
432.19
 
512.34
517.2
 
5.59
5.73
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
22 Апреля, 00:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндірушілер Есназаровтар әулетінің отбасылық ісі – құтқару және қорғау

16 Мая 2020 (16:35) | 1441 | Автор: Нурганым Имашева

Өрт сөндірушілер Есназаровтар әулетінің отбасылық ісі –бұл адамдарды құтқару және қорғау. Өрт сөндірушілер Есназаровтар әулетінің өкілдері – Қайрат Дүйсенбайұлы және Қанат Дүйсенбайұлы 12 жыл бойы өртпен күресіп келеді.

 

 

Бірінші Өрт сөндіру күзетіне Қанат келді, 2008 жылдың тамыз айында ол Көкшетау техникалық институтына түсіп, оны 2012 жылы бітірді. 12жыл бойы Қызмет барысында ол Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің аға инженері, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен өрт сөндірушілерді дайындау бөлімінің бас маманы, кейінӨС және АҚЖҰБӨрт сөндіру бөлімшелерінің бастығы қызметтерін атқарды.

 

Қазіргі таңда Қанат – азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бас маманы ретінде облыстың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосуда.

 

2009 жылы Өрт сөндіру күзетіне оның ағасы Қайрат Дүйсенбайұлы келді. Ол отпен күресуші құтқарушы болғанға дейін Бейнеу селосындағы «EURO ASIA AIR» әуежайын күзетті. Отбасылық мән-жайларға байланысты жұмысын тастауға мәжбүр болды. Әрине, Қайратқа мамандығын таңдауға институттағы оқу барысын айтқан інісі мен 1998 жылғы Көкшетау техникалық институтының бірінші түлегі болған ағасыАсбаев Хасан Комсомоловичтің айтқан әңгімелері әсер еткені сөзсіз.

 

Есназаровтыңүлкені Бейнеу селосындағы №6 Өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі лауазымында қызметін бастады, №6 Өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ аға нұсқаушысы, аға өрт сөндіруші, бөлімше командирі болып қызмет етті. Кейін Мұнайлы ауданы №5 ӨСБ қарауыл бастығы, ӨСКҚ жедел кезекшінің көмекшісі қызметін атқарды және қазіргі таңда Қайрат ӨСКҚ жедел кезекшінің орынбасары қызметін атқаруда.

 

 

-Көптеген өрттерді сөндіруге Есназаровтардың үлкені қатысты және барлық жерде ол отпен күресуде жеңімпаз болып шығады, әрине, өз әріптестерімен бірге. Өрт те, барлау сияқты, тек сен күмәнданбайтын адаммен ғана жүруге болады, өйткені ол да, сен де өзің сияқты сенімді болады. Әрбір адамның жанып жатқан ғимаратқа кіруге батылы жетпейді, ол үшін батылдық пен батырлық қажет. Отты апатты алдын ала болжау мүмкін емес....

Өрт сөндіруші Есназаровтар әулетін мықты және ұйымшыл отбасы біріктіреді. Есназаровтың үлкенінде – үш бала, кішісінде – бір бала. Қайрат балалары өскен кезде, олар міндетті түрде әкесінің, ағасының үлгісімен даңқты өрт сөндірушілердің отбасылық әулетін жалғастыратынына сенімді,- дейді осы батыр азаматтар туралы ақпаратты жолдаған Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему