ДЕМАЛЫСТА ПОЛИЦИЯ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
10 Апреля 2020 (15:41) | 2867 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлімдеді.
-Құрметті, маңғыстаулықтар!
Алда келе жатқан демалыс күндерін ағайын-туыс, дос, көрші-көлемге бармай өз жақындарыңызбен үйде өткізгеніңіз жөн.
Қазіргі уақытта барлығымыз карантин тәртібін қатаң ұстауымыз қажет. Бұл ата-ана, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Қауіпті вирустың аймақта таралуын тек үйде отырып тоқтата аламыз. Сенбі, жексенбіде полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Тәртіп сақшылары үйден себепсіз шыққандарды қатаң жазаға тартады.
Осыған түсініктікпен қарап, бір-бірімізді қолдайық ағайын!- деді Е.Күмісқалиев
Сурет редакция мұрағатынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему