Маңғыстау облысы бойынша 3 күн ішінде 20 есірткі қылмысы дерегі анықталды
Курс валют в Актау
на 29/05/2020
 
419.8
425.47
 
454.56
461.17
 
5.59
5.89
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Мая, 09:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы бойынша 3 күн ішінде 20 есірткі қылмысы дерегі анықталды

18 Марта 2020 (16:27) | 331 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «2020 жылдың 10-13 наурыз аралығында өткізілген «дармек» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша облыс Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері заңсыз айналымнан 1 кг. 178,6 грамм (0,063 гр . синтетикалық есірткі және 1 кг. 178,54 гр. "марихуана") тәркiледi».

 

 

Маңғыстау облысы бойынша «дармек» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 20 есірткі қылмысы дерегі анықталды.

 

4 есірткі қылмысы дерегi оның ішінде:

 

ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша 2 дерек,

 

ҚР ҚК-нің 296 бабының 4 бөлімі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша 1 дерек,

 

ҚР ҚК 302 бабы бойынша «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру» боынша 1дерек анықталды.

 

ҚР ҚК 296-б. 2-3-тармақтары бойынша 13 есірткі қылмысы дерегі анықталды.

 

ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі бойынша «Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» бойынша есірткі қылмысы дерегі анықталды.

 

Заңды айналым саласында: "Реланиум" - 10 ампула, "Промедол" - 24 ампула және "Фентанил" - 87 ампула алынды.

 

 

Ақтау қаласының 3 дәріханасында "Трамадол" дәрісінің -30 таблеткасы, "Сомнол" дәрісінің - 10 таблеткасына конторольды сатып алу жүргізілді.

 

"Допинг" жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» қызметкерлері 5 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде ҚР ӘҚБК 426-бабы 1-бөлігі бойынша 3 дерек ( Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБК 427-бабы 1-бөлігі бойынша 2 дерек (Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу).

 

-Облыстың полиция департаменті тұрақты негізде есірткі заттарын анықтау, жолын кесу, сондай-ақ сату және сақтау бойынша мақсатты жұмысты жалғастырады,- деп мәлімдейдіМаңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Суреттер tengrinews.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему