«Ауыл – ел бесігі» жобасы Бейнеу ауылында қарқынды
Курс валют в Актау
на 06/07/2020
 
402.28
406.87
 
451.83
457.59
 
5.64
5.88
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Июля, 04:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ауыл – ел бесігі» жобасы Бейнеу ауылында қарқынды

26 Февраля 2020 (14:15) | 892 | Автор: Нурганым Имашева

Ауыл – Қазақ Елінің жүрегі. Ауыл – қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көз, алтын бесігі. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше.

 

 

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтып, осы мақсатта «Ауыл - ел бесігі» жобасының басталғанын жариялаған еді.

 

-Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті, - деді Елбасы.

 

 

Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған «Ауыл - ел бесігі» жобасы ауданымыздағы Бейнеу ауылында да қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында ауылдарды дамытуға бағытталған нақты істер қолға алынды.

 

2019 жылы Бейнеу ауданының орталығы Бейнеу ауылындағы ұзындығы жеті мың шақырымнан асатын ауылішілік алты көшеге құны 189 766,0 теңгелік асфалт төселді. Нақтырақ айтқанда Ж. Аймауытов, Тастемір, Абай, Сүйеубаев және Асау батыр мен Амантұрлы батыр көшелеріне төселді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары өз ризашылығын білдіріп, автомобиль жолының пайдасын көріп отыр.

 

 

-Шыны керек тез арада көшемізге асфалт төселіп, көліктерге ыңғайлы болады дегенге басында сенген жоқпын. Өйткені әлі көп көшелер бар. Солардың кезегімен салынатын шығар деп ойладым. Ал техника келіп, жұмысты бастаған кезде де күмән болды. Тек қатқыл табанды жол болады деген. Бірақ шүкірміз, аудандық әкімдіктің және ауыл әкімдігіндегі азаматттардың арқасында көшеміз әдемі болды, - дейді ауыл тұрғыны.

 

Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі:

 

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында «Ауыл — ел бесігі» ауқымды жобасының іске қосқанын жоғарыда атап өттік.

 

2020 жылы да ауданымызда бұл жоба жалғасын табады. Ағымдағы жылы ұзындығы тоғыз шақырымды құрайтын, құны 246 140,0 теңгелік ауылішілік жеті көшеге автомобиль жолы салынады. Атап айтқанда Ер Шабай, Оңғалбаев, Ақтан Керей, Ыбырайым Ахун, А.Байтұрсынов, Жайылған және Меңдіқұл көшелеріне асфалт төселеді. Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдарымыз қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз,- деп хабарлайды.

 

Суреттерді түсірген Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему