Атамекен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Курс валют в Актау
на 09/04/2020
 
392.46
397
 
445.47
451.15
 
5.45
5.72
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
9 Апреля, 05:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Атамекен тұрғынынан есірткі тәркіленді

21 Февраля 2020 (16:08) | 328 | Автор: Нурганым Имашева

-Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 70 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу, тасымалдау, дайындау және заңсыз сақтаумен байланысты 17 ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар.

 

 

Сонымен қатар, өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз сақтаумен байланысты 50 қылмыстық іс анықталды.

 

Заңсыз айналымнан 5 кг жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде марихуана, героин және синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді.

 

Профилактикалық жұмыс шеңберінде 15 іс-шара өткізілді, соның ішінде семинарлар, дәрістер, кездесулер және ата-аналар жиналыстары, есірткіге қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетілді.

 

Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесе отырып, Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 8 граффити жазулар, сондай-ақ есірткі құралдарын және олардың аналогтарын жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 интернет сайт анықталып, жойылды,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың қаңтар айында облыстық ПД ЕҚҚІҚ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мұнайлы ауданының аумағында Атамекен ауылында 1974 жылы туған "Б" есімді азамат құрықталды. Оның тұратын мекен-жайы бойынша үй мен учаскені тінту кезінде 2 килограммнан астам "марихуана" есірткі заты бар алты пакет табылып, тәркіленді.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің "аса ірі көлемде есірткі құралдарын заңсыз сатып алу және сақтау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Суреттер qamshy.kz, newtimes.kz time.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему