Жастар жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруға ұйытқы болды
Курс валют в Актау
на 09/04/2020
 
392.46
397
 
445.47
451.15
 
5.45
5.72
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
9 Апреля, 06:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жастар жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруға ұйытқы болды

17 Февраля 2020 (14:25) | 859 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде жұмыссыз азаматтарға 1000-ға жуық жұмыс орны ұсынылды.

 

 

Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мен Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

 

 

Жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілерді кеңінен тарту, жастарды осы шараға белсене қатысуға шақыру мақсатында өткен жәрмеңкеде білім, медицина, сервистік қызмет көрсету, қаржы және әскери салаға жататын 25 мекеме 1000-ға жуық жұмыс орнын ұсынды.

 

 

Сонымен қатар, жастар ресурстық орталығы мамандары жұмыс іздеп келген азаматтардың құжаттарын рәсімдеуге және түйіндемесін жазуға көмек көрсетті. Қатысушылар жұмыс беруші мекемелердің өкілдеріне түйіндемелерін тапсырып, әңгімелесуге шақырылды.

 

Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша, өткен жылғы Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығымен бірлесе ұйымдастырлған бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 13 000-ға жуық азамат қатысып, 4500-ден аса жұмыссыз азамат жұмысқа орналасқан.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему