«Қазақ күресін» мектептерде пән ретінде енгізу жоспарланып отыр
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Қазақ күресін» мектептерде пән ретінде енгізу жоспарланып отыр

6 Февраля 2020 (14:28) | 2038 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов мәлімдеді.

 

 

-Жас өспірімдер арасында осы Қазақ күресінен біріншіліктің алғаш рет Ақтау қаласында өтуі, оған қолдау тапқаны қуантады. Өйткені, жылдан жылға ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Осыған орай, жаңа оқу жылынан бастап осы спорт түрін мектептерде пән ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз.

 

 

Алдымен, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынды, - деді ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов.

 

Осы бағытта жылдың соңына дейін Қазақ күресі академиясы құрылып, мамандар дайындау жұмыстары жүргізілмек. 1-4 сыныптарға қазақ күресінен акробатика ретінде, ал 5-11 сынып оқушылары арасында арнайы пән ретінде өткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қыз балаларға да осы спорт түрімен айналысуға мүмкіндіктер жасалған.

 

 

-Осындай беделді жарыстарды өлкемізде өткізу арқылы қазақ күресінің облысымызда қарқынды дамуына ерекше екпін береміз, - дейді ұйымдастырушылар.

 

Суреттер «Қоғамдық коммуникация орталығынан» және alakol-aynasy.kz сайтынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему