Медиация арқылы отбасы сақталуда
Курс валют в Актау
на 27/01/2021
 
417.65
421.61
 
508.46
513.6
 
5.58
5.77
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
[email protected], [email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Января, 09:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медиация арқылы отбасы сақталуда

24 Января 2020 (15:34) | 1615 | Автор: Нурганым Имашева

Жаратылысынан сөзге тоқтаған  текті, жомарт, ержүрек, ұлттық коды мықты, қаны мен жаны таза ежелгі қазақ қоғамында рулар арасындағы ірі даулар мен басқа да барлық ұсақ дау-дамайды билер институты арқылы әділетті шешіп, тараптарды татуластыра отырып, залалдың орнын толтырып отырғаны тағылымды тарихымыздан белгілі.

 

 

Сол дәстүрді қайта жаңғырту ретінде елімізде белең алып бара жатқан даукестікті азайту арқылы сот жүктемесін жеңілдетуге бағытталған дауларды шешудің баламалы тәсілі ретінде медиация енгізіліп, ол заңнамалық тұрғыда бекітілді. Медиация-өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың көмегімен тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын дауды реттеу әдісі. Ал медиатор делдал деген ұғымды білдіреді.

 

Халыққа істі медиациямен бітіріңіздер деуден гөрі татуласып, бітімге келсе қаржы мен уақыт үнемделетіні, баж төлемдері өздеріне қайтарылатыны түсіндірілсе, әлдеқайда нәтижелі болар еді. Сол себепті судья-медиаторлар қызметін енгізу арқылы сот ісін жүргізу халықты медиацияға жақындатудың тиімді әдісі болып табылатынын уақыт өзі дәлелдеп отыр десек артық айтқандық емес.

 

Бүгінгі таңда әрбір сотта үйдегі тұрмыстық жағдайға жақындатылған медиация кабинеті ашылған. Жағымды тұрмыстық жағдайдағы бөлмеде судья-медиатор тараптардың эмоцияға берілмей, өз ойын, қарсылығын ашық айтуына мүмкіндік бере отырып, қалыптасқан моральдық-психологиялық жағдайды өз ой сүзбесінен өткізіп, тараптарға дауды шешудің ең тиімді тетігін ұсынады.

 

Қарама-қайшылық дау жанжалды ушықтыра бермей арағайындықпен бітімге келіп, татуласу біздің халықта ежелден ата салтымызда бар биік дәстүр. «Елдестірмек-елшіден, жауластырмақ-жаушыдан» дегендей халық даналары. Сондықтан мұны жүйелі түрде қолға алып, оңтайлы тетік-тәсілдерін тауып, табысты жүргізе аламыз деген ойдамын.

 

Бұл бір жағынан сот жүйесін жұрт тек үкім шығаратын жазалайтын орган деп қарамайтындай оның жұмысын ізгілендіре түсуге ықпал етеді. Дегенмен, сот жүйесіне уақыт пен заңнаманы адамдардың құқығы мен бостандығын қорғап, сот төрелігін іске асыруда жаңа талаптар мен міндеттер қоятыны анық.

 

Басты мақсатымыз - осындай талаптардың деңгейінен көрініп, сот билігінің салтанат құруына қызмет ете беру болып табылады. Ел болған соң дау-дамайсыз болмайтыны анық. Бірақ сол жан-жалды ушықтырмай дер кезінде шешуге қол жеткізу жолдарын дамыту, бүгінгі күнде қай жиынның болса да басты тақырыбына айналып отыр.

 

Өйткені ұлтымызға жат жағдайларының белең алуы, салт-дәстүріміздің ұмытылып, құндылықтарымыздың құнсызданып, дүние игіліктері көбірек  дәріптелетін қазіргі қоғамда дау-дамайлар жылдан жылға еселеп артуда. «Сотқа беремін» деген суық сөз бүгінде жиі айтылатын болды. Неге екені белгісіз, бүгінде соттасуға құмар болып алдық. Ашуды ақылға жеңдіре алмай, болмашыға бола алтын уақытын сот табалдырығын тоздырумен өткізіп жүргендер қаншама?

 

Әсіресе, азаматтық даулар саны өскен. Тараптар арасында түйткілдің сот арқылы шешілуі орынды дегенімізбен, өзара түсінісіп, бір бітімге келуге болатын ұсақ-түйек сотқа дейін жетуі - мақтанып айтатын көрсеткіш емес.

 

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жыл сайын 4 миллион азаматымыз сотта қаралатын іске қатысатынын, бұған қаншама күшпен қаражат жұмсалатынын, уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын талап ететін артық сот рәсімдерінің қысқаруға тиістігін атап өтті. Аталған заңды кеңінен қолданып, оның аясын күшейту мақсатында Жаңаөзен қалалық сотының судьяларының да үлесі мол.

 

Қазақ елі тарихында тұңғыш рет жүзеге асып тұрған пилоттық жоба бірінші кезекте жанұя бірлігін сақтау, ана мен бала құқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға оң ықпалын тигізеді деп күтілуде. «Ең бастысы, мұнда  істердің басым бөлігін медиативтік рәсіммен, яғни дауласушы тараптарды бітістірумен аяқтау.

 

«Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде Жаңаөзен қаласындағы «Неке сарайы» ғимаратында  арнайы ашылған «Отбасы орталығында» комиссия құрамы отбасылық дауларды шешу, бітімгершілікке келу мақсатында тараптарға заң тұрғысынан кеңес беру қызметін атқаруда.

 

Орталықтың қызметі жанжалдасушы ерлі-зайыптыларды татуластыруға және ажырасулар санын қысқартуға бағытталған, отбасылық құндылықтарды сақтау, отбасылық дауларды шешу және татуластыру, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау.

 

 

-Бүгінгі таңда «Неке бұзу» туралы санатындағы азаматтық істердің көбейгенін назарға алып, рәсімге қатысушыларды отбасылық жанжалдарды сотқа дейін реттеу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауда.

 

2019 жылдың статистикалық көрсеткіштеріне сүйене кетсек, Жаңаөзен қалалық сотында барлығы: 1207 азаматтық /оңайлатылған және сот бұйрығы тәртібімен қаралған істерді қоспағанда/ және 322 қылмыстық іс аяқталса, оның ішінде «Сотта татуласу рәсімдері» пилоттық жобасы іске асыру мақсатында, 5 іс бітімгершілікпен, 346 азаматтық және 50 қылмыстық іс, барлығы - 401 іс татуласу тәртібімен аяқталған.

 

Аталған көрсеткішті 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстыра өтсек: 183  азаматтық және 30  қылмыстық іс барлығы - 214 іс медиация тәртібімен аяқталып, 187 іске көбейгендігі көрініп тұр.  

 

Елімізде қоғамдағы даукестіктің деңгейін төмендетіп  және дауларды келісім  арқылы тиімді шешу шаралары жүргізіліп келеді. Бүгінде өркениетті елдердің біразында отбасылық соттар қызмет етеді және ол отбасыдан бастау алатын мейірімділік, ізгілік қасиеттерді сақтайтынын айтып өткім келеді,- дейді  аталған тақырыптағы осы мақаласын біздің басылымға жолдаған Жаңаөзен қалалық сотының кеңсе меңгерушісі  Танибике Туникбаева.

 

Сурет автордыкі және  kyzylorda-news.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему